Жекелеген бактериальды инфекциялар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жекелеген бактериальды инфекциялар



3.3.1. Campylobacter jejuni-мен шақырылған энтерит. Бактериологиялық зерттеу кезінде Campylobacter jejuni жиі бактериалдық инфекцияның басқа да қоздырғыштары анықталады.

Диагностикасы. Ауру қызбамен, іштің ауырсынуымен, тенезммен және нәжісте қанның болуымен білінеді. Қалыптыда ауру бес тәуліктен кейін өздігінен басылады, сирек жағдайда ағымы ұзаруы мүмкін- төрт аптаға дейін.

 

Емі. Ауру өздігімен жазылатын болғанымен антибактериальды терапия жазылуды жылдамдатады және инфекцияның таралуының алдын алады. Таңдау дәрісі- эритромицин.

3.3.2. Холера. Қоздырғышы- Vibrio cholerae – грамм теріс аэроб. Жұқтыру механизмі нәжіс-ауызбен су арқылы. Холера ауыр сусызданумен жүреді.

Диагностикасы. Диагнозды нақтылау үшін нәжісті арнайы ортаға егеді.

 

Емі. Холераның ағымы созылғанда антибактериальды терапия көрсетілген. Таңдау дәрісі – хлорамфеникал. Резервтегі антибиотиктер- эритромицин және гентамицин.

3.3.3. Псевдомембранозды колит Clostridium difficile қоздырғыштарымен шақырылады. Бұл анаэробты микроорганизм дені сау адамдардың 5%-ың ішектік микрофлорасына кіреді. Псевдомембранозды колиттің патогенезінде ішектің қалыпты микрофлорасының антибиотиктермен басылып тасталғандықтан Clostridium difficile көбеюінде жатыр. Симптомдары антибиотикты терапияның 4-9 тәулігінде пайда болады, кейде- 6 аптадан кейін. Токсин ішектің шырышына цитопатиялық әсер етеді және іштің өтуін шақырады. Нәжісте көп көлемде лейкоциттер анықталады, кейде- қан болады.

Диагнозды нәжісте Clostridium difficile токсинін анықтайды. Микроорганизм сау адамның ішегінде болғандықтан диагностика үшін нәжістің екпесін жүргізбейді.

 

Емі. Ванкомицин тағайындайды, 125 мг ішке 4 рет тәулігіне. Қосымшша дәрі- метронидазол, 500 мг ішке 3 рет тәулігіне. Емді 5-10 күн жүргізеді. Метронидазол жүктіліктің 12-16 апталығына дейін қарсы көрсеткіш.

 

3.3.4. Escherichia coli-мен шақырылатын саяхатшыларының диареясы. Инфекцияның берілу жолы- су және тағамдық. Ішектің шырышы токсинімен де қоздырғыштың өзімен де зақымданады.

Қалыптыда ауру өздігінен аяқталады. Емі регидратацияны қосады. Аурудың ауыр формасында немесе бактериемияда антибактериальды терапия тағайындайды (қоздырғышқа сезімталдығын ескеріп). Сезімталдыққа нәжіс екпесінің нәтижесін алғанша антимикробты дәрі ретінде гентамицин немесе аминогликозидтің басқа да дәрілерін тағайындайды.

 

3.3.5. Сальмонеллезды инфекция. Инфекцияның берілу жолдары- су және тамақ арқылы. Salmonella typhi іш сүзегін шақырады. А және В Salmonellae paratyphi паратифті тудырады. Сальмонелланың басқа түрлері тамақтық токсикоинфексия болып табылады. Іш сүзегі АҚШ сирек кездеседі, бірақ әлемде жоғары ауру көрсеткіші бар аймақтар да бар. Паротиф пен іш сүзегінің клиникалық белгілері ұқсас, бірақ паротиф жеңіл өтеді. Жүктілер үшін сальмонелез ауруының қауіптілігі сусызданумен байланысты. Ұрықтың зақымдануы-сирек жағдай.

Диагнозы. Іш сүзегінің классикалық белгісі: жеңіл розеолалы бөртпе, ұзақ қызба, лейкопения және салыстырмалы брадикардия (ЖСЖ жоғарылауы температурадан қалыңқы).

Емі смиптоматикалық және регидротациялық терапияны қосады. Хлорамфеникал, ампицилин,ТМП/СМК және цефлоспориннің үшінші ұрпағын тағайындайды, мысалы цефтриаксон. Жүкті еместерге таңдау дәрісі-хлорамфеникол, 50 мг/кг/тәул ішке (күніне 4 рет қабылдайды). Хлорамфеникол апластикалық анемия шақыратындықтан (30 000-нан 1 жағдай), оны жүктілерге тек қана өзге дәрілерге тұрақты болған қоздырғыштармен шақырылған ауыр жағдайларда тағайындайды. Жаңа туылғандарда сұр синдром (тері жамылғысының сұр түстілігі, әлжуаздық, гиперемия және артериальды гипотония) болуы мүмкін.

 

Сальмонеллез инфекциясын тасымалдаушылар жиі антимикробты терапия нәтижесіз болатын өттас ауруымен ауырады. 85% жағдайда тасымалдаушылықты холецистэктомия арқылы жоюға болады. Өт тас ауруы болмаған жағдайда ампицилинді пробеноцитпен бірге 2-3 апта көлемінде тағайындайды. Жүктілерде инфекция асқынуы болмаған жағдайда тасымалдаушылықты босанғаннан кейін емдейді.

 

3.3.6. Дизентерияны Shigella spp., тоқ ішектің эпителийін зақымдайтын грамм теріс микроорганизм шақырады. Одан басқа, бактерия іштің өтуін шақыратын энтеротоксин бөледі. Нәжісінде қан мен шырыш пайда болады.

Емі регидратацияны қосады. Перистальтиканы басушы заттар қарсы көрсетілген. Аурудың ауыр жағдайында ампицилин 1г т/і тәулігіне 4 рет тағайындайды. Қоздырғыштың ампицилинге тұрақтылығында хлорамфеникал немесе ТМП/СМК қолданылады.

3.3.7. Тағамдық токсикоз. Қоздырғышы- Staphylococcus aureus. Микроорганизм жиі жылы жерде тұрған сүтті тағамдарда көбейеді де энтеротоксинның жиналуына алып келеді. Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағатты құрайды. Сосын іш өту, жүрек айну және құсу (кейде-барынша айқын) дамиды.

Ішектердің зақындануы тек токсиндерге байланысты болғандықтан нәжісін зеріттегенде лейкоцит немесе эритроциттер табылмайды. Болжан диагнозды анамнезге (жақын арада сүт тағамдарын қолдану) зертханалық тексерулерге- нәжістің екпесінде патогендік микроорганизмдердің өспеуіне сүйене отырып қояды.

 

Протозойдты инфекция

Giardia lamblia. Лямблиоз- АҚШ ең кең тараған протозойдты инфексия. Жұқтыру механизмі фекальды-оральды – зақымданған суды қолданғанда және жеке гигиенаны сақтамағанда.

Клиникалық көрінісі. Жедел гастроэнтерит немесе паразит тасымалдаушылық дамиды. Соңғысы метеоризм ұстамасымен, эпигастрийде ауырсыну және жиі іштің жүруімен сипатталады. Диагнозды нәжісте немесе дуоденальды затта трофозиттер мен цистит табылғанда қояды. Нәжісті апта сайын тексереді. Сонымен қатар диагностика үші қатаң фазды иммуноферментті анализ және тікелей емес иммуноферментті әдіс қолданылады.

Емі. Жүктілерге метронидозол тағайындайды, 2г/тәул ішке 3 күн бойы немесе 750мг/тәул ішке 5 күн бойы. Тератогенді әсеріне байланысты дәрі жүктіліктің I триместрнде тағайындауға болмайды.

Entamoeba histolytica амебиоз шақырады. Клиникалық белгісінің ауырлығы түрлі- аздаған жайсыздықтан қан араласқан іш өтуіне дейін. Тасымалдаушылық жағдайлар кездеседі. Адамнан басқа инфекция көзі мысық, ит және тышқандар болып табылады. Жұқтыру жолы фекальды-оральды. Ішектен тыс амебиоз, қоздырғыштың гематогенді диссеминациясында дамиды және кейде плевральды қуысқа өтетін жиі бауыр абсцесмен білінеді. Бұндай асқыну жиі Мексикада, Оңтүстік Американың батысында, Оңтүстік Азияда және Оңтүстік-Шығыс Африкада кездеседі.

Диагноз жаңа нәжісте трофозоидтар немесе цисттар анықталғанда қойылады. Трофозит тасымалдаушыда кездеспейтіндіктен олардың табылуы аурудың жедел түрі (немесе рецидиві)білдіреді. Трофозит тез бұзылатындықтан нәжісті тексеру дефекациядан кейін 1 сағаттан кем емес уақытта істейді. Егер нәжісті зерттеу нәтижесіз болса, серологиялық әдіс қолданады: тікелей емес гемагглютинация реакциясы және иммунодиффузды әдіс.

Емі. Жүктілік кезінде метронидазол қолданылады, 750 мг ішке 3 рет тәулігіне 5-10 күн бойы, паромицин және хлорохин.

Хлорамфеникал жүктілерге тек қана аурудың ауыр формаларында тағайындайды. Бұл дәрі іш сүзегінің, менингиттің, Haemophilus influenzae-пен шақырылған, риккетсиоздар (құзды таулардың дақты қызбасы, ку-қызбасы, дақты сүзекте, эндемиялық іш сүзегінде, Брилл ауруында) және бруцеллездің ауыр ағымында, өзге дәрілерге тұрақтылығы кезінде қолданылады.

3.4. Ішектің қабыну аурулары (ІҚА)

Крон ауруымен (КА) немесе жара колитімен (ЖК) ауыратын әйелдерде жүргізілген көптеген зерттеулерге қарағанда жүктіліктің ағымы мен соңы ІҚА-ның белсенділігіне байланысты. Жүктілердегі ІҚА белсенді формасының болуы уақытынан ерте босанудың және ұрықтың жатыр ішілік дамуының тежелуіне, өзгеде асқынулардың болуына қауіпті күшейтеді. Ұрықтану кезінде ІҚА асқыну фазасының табылуы жүктіліктің барлық кезеңдерінде патологиялық процестің белсенділігін сақталуына алып келсе, кей жағдайда аурудың ауырлығының үдеуіне алып келсе, жүктілік КА немесе ЖК рецидивін тудырмайды. ЖК-ің рецидиві жиі жүктіліктің I триместрінде, КА- I және II триместрде, және босанғаннан кейінгі кезеңдерде байқалады.

 

ІҚА бар жүктілерді келесі принцп бойынша жүргізу керек: медикаментозды терапия жүргізгенге қарағанда, ауру ағымының агрессивтілігі мен белсенділігі жүктіліктің өтуіне көбірек қауіп төндіреді. ІҚА емдеуге арналған көп дәрілер жүктілерге қауіпсіз болып келеді (16 кесте).

 

16 кесте. Жүктілердегі ІҚА емдеуге арналған дәрілердің жіктемесі.

Дәрілік заттар Дәрежесі Тағайындауға ұсынылған кесте
5-АСК B Саудалық маркасының қолданылуына байланысты. Сульфасалазин және месалазин ректальды да, пероральды да формасында қолданылады
Кортикостероидтар B Саудалық маркасының қолданылуына байланысты. Индукция үшін тиімді, бірақ реммисяины ұстап тұру үшін тиімсіз
Будесонид C 9мг/тәул
Инфликсимаб B 5-10мг/кг/т/і. Қауіпсізділігі жайындағы мәлімет шектелген.
6-меркаптопурин-азатиоприн D Бастапқы доза 50мг. Дәріні тағайындау тек қана аурудың белсенді түрінде ақталған, басқа пероральды және ректальды дәрілердің әсері болмағанда.
Циклоспорин C Дәрінің мөлшері науқастың дене салмағына байланысты. Дәріні тағайындау тек қана аурудың белсенді түрінде ақталған, басқа пероральды және ректальды дәрілердің әсері болмағанда.
Метотрексат X Жүктілік кезінде қолдануға тиым салынған.

Аминқышқылдары, сулфасалазин мен месалазинді (В дәрежесі) қоса КА мен ЖК ауруын емдеудегі базистік дәрілер болып табылады. Сульфасалазин қабылдайтын науқастарға ұрықта жүйке трубкасында ақау болудың алдын алу мақсатында қосымша фолий қышқылын тағайындайды. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, жүктілік фонындағы ІҚА емдеуде месалазин және 5-АСК-ның өзгеде туындылары қауіпсіз дәрі ретінде таңдаулы, олсалазиннан басқасы (ол С дәрежесіне жатқызылған).

 

Орта дәрежелі ауырлықтағы ІҚА бар науқастарға ректальды және пероральды кортикостероидтар ремиссияны басу мақсатында қолданылуы мүмкін. Көп жағдайда кортикостероидтар жүктілік барысында қолдануға қауіпсіз. Қысқа уақытта тез әсер етуші преднизолон, метилпреднизолон сияқты дәрілерді тағайындау жақсы болып табылады себебі анамен қабыладанған дәрінің 10% ғана ұрыққа плацента арқылы түседі.

ІҚА науқастарда стероидтарға тұрақтылығы бар формасында ремиссияны сақтау үшін 6-меркаптопурин сияқты (D дәрезе) иммуномодуляторлар қолданылуы мүмкін. Оны басқа пероральды немесе ректальды дәрілерге тұрақтылық кезінде қолдану нәтиже беруі мүмкін. КА кезінде тағайындайтын метотрексат (Х дәреже), жүктілік кезінде түсікті ынталандыруына және тератогенді әсері болғандықтан тағайындалмайды.

 

Қорытынды.

Жүктілердің асқорыту жолдарының аурулары жиі кездеседі. Қалыптыда жүктілік олардың ағымы мен болжамына әсер етпейді. Бұдан жүктілік кезінде қауіптілігі бірнеше есе ұлғаятын ішектің созылмалы қабыну ауруларын алып тастау керек. Асқорыту жүйесінің ауруларының ұрыққа жағымсыз әсер етуі жүктілердің қоректік заттарды сіңіруінің бұзылуына байланысты. Себебі көптеген аурулар, әсіресе созылмалылар сіңірілудің бұзылуымен жүріп жатыр ішілік дамудың тежелуін арттырады. Осыған байланысты емдеу барысында жүктілердің салмақ қосуы мен фетометриялық көрсеткіштерін мұқият қадағалау керек. Ішек инфекцияларының асқынуы хориоамнионит пен уақытынан ерте босануды тудырады. Жатыр ішілік жұқтыру сирек байқалады.

 

Тесттік тапсырмалар:

1) Гестация кезінде физиологиялық төмендейді:

a) Сілтілі фосфатазасы;

b) Альбумин;

c) Холестерин;

d) АсАТ белсенділігі;

e) Фибриноген.

 

2) ФЭГДС-қа салыстырмалы қарсы көрсеткіш:

a) Жүрек ритмінің созылыңқы бұзылысы;

b) АІЖ жоғарғы бөлігінен қан кету;

c) 1 дәрежелі жүрек жетіспеушілігі;

d) Анамнезіндегі бронхиальды астма;

e) Жүрек айну, құсу.

 

3) Жүрек айну мен құсудың II және III триместрге созылуы мынандай аурулардың белгісі ретінде қаралу керек: 1. ГЭРА; 2. Гастрит; 3.асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы; 4. Холецистит; 5. Зәр шығару жолдарының инфекциясы; 6. аз сулылық; 7. Преэклампсия.

a) 1,2,3

b) 4,5,6,7

c) 1,2,3,4,5,7

d) 1,3,5,6,7

e) 1,2,5,6

 

4) Жүктілердің шамадан тыс құсуының белгісі болып табылмайды:

a) Семіздік;

b) Жүктілердің диабеті;

c) Көп ұрықтық;

d) Жасы келген алғашқы босанушылар (30 жастан жоғары);

e) Қайта жүктілік.

 

5) 18 жасар науқас, бірінші жүктілік 7 апта, күніне 10 рет құсуға, гиперсаливация, тәбеттің төмендеуіне, 3кг-ға азуына шағымданып келді. Осы жағдайда медикаментозды емді бастайды:

a) авиоплант 250 мг 4 рет/тәул, пиридоксин 5% ерітінді — 0,25–0,5 мл 2–3 рет/тәул;

b) метоклопрамид ерітінді — 2,0 мл б/ет, т/і 2– 3 рет/тәул, сосын 1 табл. (10 мг) 3–4 рет/тәул тамаққа дейін 30 мин бұрын және ұйықтар алдында, 4аптаға дейін;

c) димедрол 1% — 1,0 б/ет, сосын табл. 0,05 г 3–4 рет/тәул;

d) бускопан ерітінді — 2,0 б/ет 2–3 рет/тәул, сосын табл. 10 мг-нан 3–5 рет/тәул;

e) метипред — 16 мг ішке немесе т/і 3 рет/тәул (8 сағат сайын) 3 бойы, ары қарай төменгі эффективті мөлшерге дейін төмендетумен.

 

6) Диспепсиясы бар жүктілерді қосымша зерттеу:

 

a) Колоноскопия;

b) Биопсия мен ФЭГДС;

c) БАК: ақуыз, аминотрансфераза;

d) ҚЖА мен ЗЖА:

e) Қалқанша безі мен кіші жамбас ағзаларының УДЗ.

 

7) Жүктілердегі ГЭРА емдеуге қарсы көрсеткіш:

 

a) Гавискон;

b) Метоклопрамид;

c) Ранитидин;

d) Омепразол;

E) Лансопразол.

8) Жүктіліктің 8-ші апталығында әйелге қойылған DS: асқазанның артқы қабырғасының үштен бірінде орналасқан (8-4 мм) асқазан жара ауруы. Дәрілік (НПВС-индуцирленген), белсенді фаза (алғаш дамыған). Асқазанның қышқыл түзу функциясының күшеюімен. Моторлы-эвакуаторлы функциясы қалыпты. Жеңіл ағымды. Емдеу тәсілі.

a) Алмагель А;

b) Лансопразол;

c) Ранитидин;

d) Висмутақа негізделген дәрі;

e) Эрадикациялық терапия.

9) Жүктілерге мына жағдайда хирургиялық ем қолданылмайды:

a) Консервативті және эндоскопиялық жолдарға тоқтамайтын профузды қан кету;

b) Жараның тесілуі;

c) Ұзақ уақытты жазылмайтын жара;

d) Он екі елі ішектің эвакуацияның бұзылуы мен органикалық тарылуы.

e) Қайталамалы қан кету.

10) Бауыр ауруы синдромы мен оның білінуі арасындағы ұқсастықты анықтаңыз:

1.Холестатикалық синдром

Ауырсыну

Гепатомегалия

4.Геморрагиялық

Портальды гипертензия

А) тұрақты диспепсия,іштің желденуі, дене салмағының төмендеуі, өңештің веналық кеңеюі қайталамалы қанаумен, спленомегалия.

В) терінің қышуы, ахоликалық нәжіс, зәрдің қара-қоңыр түсі, сарғаю;

С) Бауыр аймағында тұрақты, сыздайтын белсенді, физикалық жүктемеден кейін күшейетін ауырсыну.

Д) Тері мен тері асты май қабаттарында қан құйылулар мен көгерулер, тістің қанауы, мұрыннан қан кету, гематурия;

Е) Бауыр қабырға доғасынан шығып тұрады, орташа тығыздықта, шеттері үшкірленген, пальпация ауырсынумен.

11) Вирусты гепатиттің фазасы мен олардың зертханалық тексерулері арасындағы ұқсастықты таңдаңыз:



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-01-25; просмотров: 264; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.142.98.108 (0.051 с.)