ТОП 10:

ДОЛАНА (БОЯРЫШНИК — CRATAEGUS)



Бұл мыңға тарта туыстықтан тұратын өте үлкен тұқымдастық. Олардың басым көпшілігі (800) Америкада кең тараған. ТМД елдерінде долананың 40-қа жуық түрі өседі. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны қан қызыл долана. Сыртқы пішіні — бұта немесе ағаш тәріздес, биіктігі 4—5 метр болып қалады. Негізінен, оны­мен қала көшелерін, парктер мен демалыс орындарын безендіреді. Долана сыртқы ортаның әртүрлі қолайсыз жағдайларына өте төзімді, ол бұтағанды, күзегенді жақсы көтереді.

Долананың жемісі өте дәмді, оның құрамында 10% қант, 0,5 % алма қышқылы, 30 % аскорбин қышқылы, көп каротин бар. Жемісті қызыл түске бояп тұрған да осы каротин. Долананың жемісі секілді жапырағы мен гүлі де жүрек және қан айналымы ауытқуына қарсы пайдаланатын шипалы касиеті бар.

3. Жаңғақты жеміс дақылдары

Бадам немесе түкті өрік

(Миндаль – АMYGDALUS)

Шабдалыға ұқсас бұта немесе ағаш, шөлге, аптап ыстыққа төзімді. Жемісі ірі, сүйектің сырты түкті қабықпен қапталған. Бадамды негізінен оның дәні үшін өсіреді. Себебі онда 35 – 67 % - ке дейін өте дәмді, хош иісті май болады. Бадам майы, тағы оның дәні тағам өнеркәсібінде, медицинада және парфюмерияда өте кең қолданылады. Төмен сортты майы сабын қайнату үшін жұмсайды.

Орман жаңғағы (Corylus)

Орман жаңғағы – қайың тұқымдасына жататын бұта. Еуропаның орман белдеуінде, Азияда және Солтүстік Америкада өсетін 20-ға тарта түрі бар. Қазақстанда Жайық өзенінің жағалауларында өсетін бір ғана түрі – кәдімгі орман жаңғағы (С. avellana) бар. Биіктігі 2 – 5 м, кейде 8 м-дей болады. Жапырақтары үлкен сопақша немесе домалақ, шеті тілімденген. Тұқымынан, шыбығынан, тамыр атпалары және сұлама бұтақтары арқылы көбейеді. Наурыз – сәуір айларында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс береді. Бір бұтадан 8 кг-ға дейін жаңғақ алынады. Жаңғақ құрамында 60 – 70% май болады.

4. Субтропикті жеміс дақылдары

(ЦИТРУСОВЫЕ — CITRUS)

Цитрустар жайлы айтпасақ шолуымыз толық болмас еді. Ең көп тараған цитрустарға апельсин, мандарин, грейпфрут және ли­мон жатады. Бұлардың барлығына ортақ қасиет — жемістері шырынды болып, өздері жылу сүйгіш келеді. Кіші-гірім ағаш немесе бұта түрінде өседі. Субтропикада өскен өсімдіктердің жемісі өте сапалы да мол болады.

5.Тропикті жемісті дақылдар

Банан (Musa)

 

Банан — көп жылдық шөптесін өсімдік. Банан ағаш дақылдарына ұқсас аласа сидамды, биіктігі 1,5 — 8 м-ге дейін, жапырақтары өте үлкен — ұзындығы 1,5 — 3 м, ені 0,6 — 1 м. Гүлі дара және қос жынысты, жемісі — қабығы қалың жидек. Тропиктік және субтропиктік Африкада, Азия және Австралияда бананның 60 — 70 түрі бар.

Ананас (лат. Ananas)

Ананас — субтропиктік және тропиктік өңірлерде өседі. Піскен ананасты 8—9 градус температурада 10—12 күнге дейін сақтауға болады. Температура 7 градустан төмен болса ананас жемістері қарайып,су татып кетеді, ал 10 градустан жоғары болған жағдайда жеміс тез пісіп кетеді де, дәмі, түсі бұзылады. Ананастың құрамында қант, органикалық қышқылдар, күл пектин және хош иісті заттар, сондай-ақ С витаминнің 20 мг проценті, каротин (А провитамині), Ві және Вг витаминдері бар.

6. Жидекті дақылдар

ТАҢҚУРАЙ ЖӘНЕ ҚАРА БҮЛДІРГЕН

(МАЛИНА И ЕЖЕВИКА — RUBUS)

Таңқурай да өте кең тараған, бағалы бұтасын өсімдік. Оның жемісінде 5—10% қант, 1—2% органикалық қышқылдар, 14%-ке дейін май және көптеген минералды заттар болады. Таңқурайдың жемісі, жапырағы және тамыры әртүрлі ауруларға қарсы шипалық қасиеттерге толы. Оларды әсіресе суық тигенде, асқазан мен ішек және тері ауруларына қарсы пайдаланады.

15.Топырақ профиліндегі микроорганизмдердің бөлінуі және олардың биологиялық айналымдағы маңызы.

Топырақ түзілуі құбылысына алғашқы бо

лып қатысқан бактериялар мен балдырлар. Олардың өлуінің нәтижесінде тау жыныстары органикалық заттармен байытылып кейін борпылдақ, ұнтақталған, қопыстылған үгілу қабатында топырақ түзілу процесстің негізі қаланды және басқа ағзалардың өсіп дамуына жағдай жасалады. (Мүктер, қырықбуындар, плауындар, қырық жапырақтектестер). Қазір топырақ жүйесінде жоғары сатыдағы өсімдіктерге жататын ашық жабық тұқымды өсімдік тобының пайда болу нәтижесінде топырақ түзілу құбылысы әрі қарай дамып жатыр.

Топырақ профиліне мекендейтін микроорганизмдердің саналуан түрлері бар және олар әр түрлі систематикалық топтарға жіктелген. Негізгі өкілдеріне бактериялар, актиномецеттер, саңырауқұлақтар және микроскопиялық балдырлар жатады. Аталғандардың арғы тегі өсімдік тектес ағзалар болғандықтан бұлар қарапайым өсімдіктер тобына жатқызылған. Бұл топқа тән ерекшеліктері – ағзалардың құрылысы өте қарапайым және түтікті ұлпасы жоқ. Кейбір ағзалар фотосинтез арқылы тіршілік етеді. (балдырлар, жасыл балдырлар), ал басым көпшлігі сапрофиттер ретінде білінеді – яғни суда араласқан органикалық қосындылармен немесе паразиттік жолмен қоректенеді. Тіршілік үшін оттегі қажет ететін бактерияларды аэробты деп атайды. Олар органикалық заттарды түгелдей тотықтырып минералды тұздарға айналдырады. Ауаны қажет етпейтін бактериялар – анаэробтыларға жатады. Олар қанттар мен көмірсуларды жартылай ыдыратып түрлі қышқылдарды өндіреді және ашытқы ретінде қызмет жасайды. (Сүт қышқылы, сірке қышқылы, спирт қышқылы бактериялар)

Автотрофты бактериялар көбінесе тек миниралдық қосындылармен қанағаттанады және өзіне қажетті көміртекті газдан ассимиляциялауға қабілеті бар. Олардың әр түрі өзіне тән қатаң тотықсыздану процесін атқарады:

Нитрификациялаушы бактериялар – амонитұздарын азот қышқылына тотықтырады.

Күкірті бактериялар - күкіртті сутекті күкірт қышқылына айналдырады.

Темір бактериялар – темір молекулаларды тотықтырады минералдық және органикалық заттармен қоректене білетін автотрофтарды – миксотроптар деп атайды.

Топырақтағы микроарганизмдердің арасында вируспен фагтар ерекше орын алады. Вирустар өсімдіктер және жануарлармен паразиттік ара қатынаста болады, ал фагтар бұл қатынасты микроорганиздерде білдіреді.

 

Осыдан 100 жыл бұрын топырақ құрамында қарапайым жануарлардың болу мүмкіндігі үлкен күмән тудыратын. Бірақ А.Л.Бродский, В.Ф.Николюк және кейбір шетел ғалымдарының ізденістері микроскопиялық жануарлардың үнемі топырақ ортасында кездесетіндігін дәледеді. Олардың ролі туралы екі қарма-қарсы пікір бар.

Қарапайымдылар – топырақтағы микроорганизмдерге жағымсыз ықпал етеді.

В.Ф.Николюк бойынша керісінше, амебалардың қатысуымен барлық микробиологиялық процесстер жылдамдатылады, азыққа пайдаланған ескі бактериялардың орнына жас белсенді бактериялар келеді, және күрделі қосындылар қарапайым сіңімді формаларға айналады.

Топырақтағы қарапайым жәндіктердің барлығы бір клеткалы ағзалар көлемі 2-4 мк (майда) ірілері (50-150 мк) Амебадан басқалардың дене тұрқы созылмалы қабықшамен қапталған. Жалғанаяқтардың, талшықтылардың, кірпікшелердің көмегімен қозғалады. Жынысты және жыныссыз әдіспен көбейеді.

 

Қарапайымдылырдың негізгі өкілдері:

Тамыр аяқтылар (rizapoda) – амебалар. Жасушалары қабықшасыз. Протоплазманың жалған өсінділердің көмегімен қоректенеді және қозғалады. Кейбір амебалар бақалшақты құрастырады – батпақтарда кездеседі. (талшықты амеба, кәдімгі амеба, сәулелі күнқұлақ, бақалшақты амеба)

Талшықты жәндіктер (mastigophora немесе plagilaza) бір, екі немесе бірнеше талшықтардың жәрдемімен қозғалады. Олар дененің алдыңғы жағында орналасқан өсімдіктекті түрлері де бар – хламидаманада, жасыл эвглена – олар балдырлар тобына жатады. Жануар текті талшықтылардың басым бөлігі паразиттік жолмен сапрофит ретінде тіршілік етуге бейімділген. Хромотофор (бояғыш зат) болмайды. Жыныссыз көбейеді. Топырақта Bodo, Cercomonos сияқты екі талшықты түрлері кездеседі. Өкілдері: түншырақ, лямблия, трипанасома, бодо, лишмания.

Кірпікшелілер немесе инфузориялар (Infusoria немесе Ciliata).

Алғашқыда түнба суда табылған бір клеткалы жәндіктер денесін крпікшелер қаптайды. Ауыздың ойпаты және жұтқыншақ арқылы, кірпікшелердің көмегімен азықты жұтады. Жынысты, жыныссыз жолымен көбейеді. Өкілдері: кірпікшелі кебізше, күреукелі кірпікше, морже, балантидии, опалина, сувойка т.б.

Қарапайымдардан басқа топырақта көптеген омыртқасыз ірі жәндіктердің түрлері мекендейді – жауын құрттар, бунақ денілілер және олардың лишинкалары, кенелер, молюскалар, нематоптар. Бұлар керагин, хитин, клетчатка сияқты тұрақты қалдықтарды ыдыратып оларға қарапайымдардың әсер етуін жеңілдетеді.

16.Ботаникалық ресурстанудың қалыптасу этаптарын жазыңыз. Қазақстан флорасында 6 мыңнан астам жоғары сатыдағы өсімдіктер түрлері бар. Олардың ішінде пайдалы өсімдіктер өте мол.Адамзаттың даму тарихы қоршаған әлемді танып-білумен және табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалануға ендірумен тығыз байланысты.Адамдар өзінің күнделікті шаруашылығында өсімдіктер әлемі байлығын ерте заманнан бері пайдаланады. Адамдар өздерінің дамуының алғашқы кезеңдерінен бастап өздерін қоршаған өсімдіктерді сипаттап, олардың пайдалы жақтарына көңіл аударған. Бұл мәліметтер бірте-бірте бір жүйеге келтіріліп, практикалық тұрғыдан ерекшеліктеріне байланысты топтастырыла бастады. Сондықтан өсімдіктер туралы ғылымда ботаникалық мәліметтермен қатар, өсімдіктердің практикалық маңызы туралы да мәліметтер жинала басталды. Кейіннен пайдалы өсімдіктер туралы ғылыми тұрғыдан маңызды еңбектер жазыла бастады. Ботаниканың бұл саласы алғашқыда шаруашылық немесе экономикалық ботаника деп аталды. Тек XX ғасырдың бірінші жартысында КСРО-ның атақты ботаниктері М.М. Ильин, А. Федоров және Н.В. Павлов ботаникалық ресурстану ғылымына ғылым саласы ретінде ғылыми теоретикалық дәлелдеме берді. Осы жылдары, яғни 1948 жылы ғылымның осы сатасында алғашқы іргелі еңбектер, мысалы «Методика полевого исследования растении» деген өте құнды еңбек жарияланды.Қазақстан Республикасында академик Н.Б. Павловтың классикалық еңбектерінің нәтижесінде ботаниканың жоғарыда аталған саласында Қазақстан алғашқы ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстанда ботаниканың бұл саласының қарқынды дамуына биология ғылымдарының докторы В.Т. Михайлованың бастамасы бойынша 1965 жылы Қазақстан Ғылым академиясының қарамағындағы Ботаника институтының құрамында арнайы «Өсімдіктер ресурстары» бөлімінің ашылуы үлкен әсер етті. Академиктер Н.В. Павлов, Б.А. Быков және проф. В.П. Михайлованың еңбектері нәтижесінде Қазақстанда күшті ботаник-ресурстанушылар мектебі құрылды. XX ғасырдың соңғы жылдарында ол мектептің танылған жетекшісі биология ғылымдарының докторы Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, проф. М.Қ. Кукенов болды.Профессор М.Қ. Кукенов пайдалы өсімдіктерді зерттеу нәтижелерін жариялады және оның жазған «Ботаническое ресурсоведение Казахстана» деген оқулығы (1999) Қазақстандағы ботаника ғылымының дамуындағы маңызды жетістік деп атауға болады. Өсімдіктерді және олардан алынған өнімдерді практикалық пайдалануға қатысты ботаниканың бөлігі XX ғасырдың басында «Шаруашылық ботаника» деп атала бастады. Шаруашылық немесе экономикалық ботаника алғашқы кездері өсімдіктер шикізатын пайдаланудың әртүрлі әдістері және формалары туралы мәліметтер жинаумен шектелді.

17.Пайдалы өсімдіктер классификациясын тұжырымдаңыз.

Бірте-бірте жиналған мәліметтерге талдау жасалып, пайдалы өсімдіктер бір жүйеге келтірілді. Сол жұмыстардың нәтижесінде 1966 жылы профессор А. Федоровосы саладағы зерттеу жұмыстарының негізгі әдістерін ұсынды.Профессор М.М. Ильин бойынша (1948), «Шикізаттық өсімдіктер деп завод немесе ауыл шаруашылық практикасында тікелей қайта өңделіп пайдалануға болатын шикізат беретін немесе мәдени өсімдіктер қатарына ендірілетін табиғи флора өкілдерін айтамыз».Егер біз профессор М.К. Ильин анықтамасын қабылдайтын болсақ, онда өсімдіктер ресурстары туралы 1935 жылы Ташкентте өткен ғылыми-зерттеу конференциясының маңызы өте зор.

Бұл конференцияда өсімдіктер ресурстары мынадай 3 топқа бөлінеді:

1 Өндірістік өсімдіктер ресурсы

1.1. Тағамдық өсімдіктер тобы бес топ тармақтарымен.

1.2.Құрамында техникалық экстракт заттары бар өсімдіктер тобы 12 топ тармақтарымен.

1.3. Талшықты өсімдіктер тобы 2 топ тармақтарымен.

1.4. Қағаз-целлюзалы өсімдіктер тобы.

1.5. Құрылыс және бұйымдық өсімдіктер тобы 3 топ тармағымен.

1.6. Отындық және орман-химиялық өсімдіктер тобы 2 топ тармақтарымен.

2 Ауыл шаруашылық өсімдіктер ресурсы

2.1. Тағамдық өсімдіктер тобы 3 топ тармақтарымен.

2.2. Малазықтық өсімдіктер тобы 5 топ тармақтарымен.

3 Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар

3.1. Сәндік-көгалдандыратын өсімдіктер тобы.

3.2. Мелкоративтік өсімдіктер тобы.

Сонымен, 1935 жылы Өзбекстанда, Ташкент қаласында болған конференцияда қабылданған шикізаттық өсімдіктер классификациясы жабайы өсетін және мәдени өсімдіктерді қамтиды. Бұл үшін топтар әртүрлі шикізаттық өсімдіктер тармақтарына бөлінеді. Топтар тармақтарынын жалпы саны 1942 жылы акад. Н.В. Павлов «Дикие полезные и технические растения СССР» деп аталатын үлкен монографиясында өзінің жаңа классификациясын ұсынды. Н.В. Павловтың классификациясында барлық пайдалы және техникалық өсімдіктер 22 топқа біріктірілді.

I Дәрілік өсімдіктер

II Көксағызды (каучук) өсімдіктер

III Құрамында гуттаперча бар өсімдіктер

IV Шипалы майлы өсімдіктер

V Эфир майлы өсімдіктер

VI Тоқымалық өсімдіктер

VII Щеткалық өсімдіктер

VIII Ірі-талшықты өсімдіктер

IX Қағаз-целлюзалы өсімдіктер

X Тағамдық өсімдіктер

XI Крахмалды өсімдіктер

XII Қант-инулинді өсімдіктер

ХIIІ Сергітуші ынталандырушы өсімдіктер

XIV Витаминді өсімдіктер

XV Балды өсімдіктер

XVI Илік затты өсімдіктер

XVII Сабынды немесе сапонинді өсімдіктер

XVIII Қарамайлы өсімдіктер

XIX Бояуы бар өсімдіктер

XX Мал азықтық өсімдіктер

XXI Уландырғыш заты бар өсімдіктер

XXII Сәндік немесе гүлдік өсімдіктер

А.А. Приступа (1973) дүние жүзі флорасындағы пайдалы өсімдіктер туралы мәлімет берді. Бұл мәліметте 118 тұқымдасқа жататын 1000 өсімдік түрлерінің сипаттамасы берілген. А.А. Приступа классификациясында барлық пайдалы өсімдіктер19 топқа біріктірілген.

Жоғарыда келтірілген барлық классификациялардың кемшіліктері - классификация жасауда белгілі бір принциптің жоқтығы. Кейбір классификацияда өсімдіктердің топтары олардың химиялық құрамына, ал басқа топтары олардың практика-жүзінде пайдалануына негізделген.

Сонымен, өсімдіктер әлемі биоресурстарының зерттеу объектілері шикізаттық өсімдіктердің жеке түрлері және өсімдіктер қауымы болып табылады.

 

18.Ботаникалық ресурстанудың зерттеу тәсілдерін жазыңыз. Өсімдіктер әлемі биоресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері

Шикізаттық өсімдіктер және олардың қауымдары геоботаникалық, систематикалық, экологиялық, фитохимиялық, фармакологиялық әдістер негізінде комплекстік зерттеледі. Ресурстанулық зерттеу жұмыстарының геоботаникалық жұмыстардан ерекшелігі ресурстану зерттеу жұмыстары жалпы өсімдіктер жабыны емес, тек қажетті пайдалы өсімдіктерді зерттеуді мақсат етеді.

Қазіргі заманда пайдалы өсімдіктер ресурстарын бағалауда картографиялық әдістің перспективасы мол. Өйткені бұл әдіс зерттеу объектісінің географиясын, экологиясын және күйін бағалауға мүмкіншілік береді. Көптеген пайдалы өсімдіктердің топтарын зерттегенде оларға қосымша биохимиялық анализ жасалуы қажет. Сонымен, ресурстанудың жалпы қабылданған ботаникалық әдістерімен қатар ерекшеліктері бар, ресурстану әдістері пайдаланылады. Ботаник - ресурстанушы систематиканы, флораны, геоботаниканы, экологияны, өсімдіктер химиясын, интродукцияның ғылыми теориялық негізін білуі және экономикалық түсінігі болуы керек. Шынын айтқанда, ботаник - ресурстанушы шектес ғылым салаларында эрудициясы жоғары болып далалық және лабораториялық зерттеулерді жүргізе алатын әмбебап ғалым болуы керек.

Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері.

Пайдалы өсімдіктертуралы ғылымның дамуы ерте замандағы Қытай, Египет, Рим, Греция және Шығыс Арабия тарихына, мәдениетіне тығыз байланысты. Ресейде әртүрлі пайдалы өсімдіктертуралы алғашқы мәліметтер дәрілік және хош иісті өсімдіктерге байланысты екендігіне әдебиеттегі мәліметтер айқын көрсетеді.

Қазақстанда пайдалы өсімдіктерді пайдалану, олардың ішінде, әрине бірінші ретте дәрілік өсімдіктер пайдалану Шығыс және Батыс елдерінің медицина мектептерінің әсеріне байланысты болды. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік аудандарына Иран, Ауғанстан, Үндістан сияқты елдердің әсері бар. Оған қосымша Қазақстанда Европа елдерінде белгілі көптеген шипалық қасиеті бар заттар да қолданылады. Сондықтан шетелдерден әкелінетін шикізаттарды алмастыру қажет болды, осы қажеттілік нәтижесінде Қазақстан флорасында көксағызды (каучук) илік заттары бар шырышты өсімдіктер табылды.

Қазақстан флорасында халық медицинасында кеңінен белгілі шипалық қасиеті бар өсімдіктерді, әсіресе, жүрек-қан тамырлары, өт айдайтын, ісікке қарсы қолданылатын өсімдіктерді іздеуге үлкен көңіл бөлінді.

Сонымен, ресурстануды өз алдына дербес ғылым саласы екендігі дәлелденген деп санауға болады. «Өсімдіктер ресурсы» деген терминді А.Федоров (1966) былайша түсіну керек деп санайды. «Өсімдіктер ресурсы дегеніміз - бүкіл флорадағы және жер шарындағы өсімдіктер жамылғысында бар потенциалдық байлық».

Д.С. Ивашиннін (1969) анықтамасы бойынша «Өсімдіктер ресурсы» - ботаникалық ресурстанудың зерттеу объектісі, ол объект өсімдіктер құрамындағы заттарын, яғни бүкіл флора және өсімдіктер жамылғысындағы бар байлықты қамтиды.

Әрине, А. Федоровтың (1966) өсімдіктер ресурсына берген анықтамасы Д.Р. Ивашиннің (1969) анықтамасымен салыстырғанда анықтау, айқын және қысқаша, сондықтан қолайлылау. «Ресурстар» деген терминді (өсімдіктер ресурстары емес) пайдалы өсімдіктердің жеке топтарына қатысты пайдалануға болады. Мысалы, «дәрілік өсімдіктер ресурстары». «Ресурс» деген терминді «Қоры» деген түсінікпен шатастыруға болмайды. Яғни, «Ресурс», «Қоры» синонимдер емес. «Ресурс» термині кеңірек, толығырақ, ол пайдалы өсімдіктердің сандық және сапалық сипаттамаларын қамтиды.

Ал Федоров (1968) ботаникалық ресурстану ғылымына кеңірек сипаттама береді. Ботаникалық ресурстану:

1) халық шаруашылығында және медицинада маңызы бар әртүрлі-өсімдіктерді тауып айкындайды;

2) өсімдік құрамындағы әртүрлі заттарды, қосылыстарды зерттейді;

3) пайдалы өсімдіктердің табиғаттағы алабын (массивті) зерттейді;

4) мәденилендірудің биологиялық негізін жасайды. «Ботаникалық ресурстану» - өзінің зерттеулерін әртүрлі деңгейде жүргізеді. Мысалы, молекулалық, ұлпалық, мүшелік, организмдік популяциялық, түрлік, ценотикалық, биогеографиялық. Молекула деңгейінде ботаникалық ресурстану мәселелері химия және биохимия жәрдемімен шешіледі.

Клетка және ұлпа деңгейінде анатомия, гистохимия және эмбриология көмегімен шешіледі.

Мүшелер деңгейінде - морфология көмегімен, организм деңгейінде - физиологиялық және өсімдік шаруашылығы туралы ғылымдар көмегімен, популяция деңгейінде – тәжірибелік систематика көмегімен, түрлік деңгейде - систематика және филогения көмегімен, ценогенетикалық деңгейде - фитоценология көмегімен зерттеп шешіледі.

Бұл жоғарыда айтылғаңдардан «Ботаникалық ресурстануда» өте кең спектрде өте нәзік химиялық анализден жер шары өсімдіктері жамылғысын жинақтап қорытуға дейінгі әдістер және тәсілдер пайдаланатынын айкын көруге болады.

Гидробионттардың көптүрлілігін және шикізаттық маңызын қарастырыңыз.

Гидробионт(гидро... және грек. bіon – тіршілік ететін) – суда тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің ғылымдағы ортақ атауы.

Гидробионттар:

Бентос ( bentos - тереңдік) актиниялар,балдырлар,губкалар,кальмар,сегізаяқ балықтар.

─ Су ағысымен қалқып жүзетін ағзалар- планктон (planktos – қанғыма).

─ Суда жүзетіндер – нектон(nektos – жузіші) балықтар, дельфиндер.

Қазақстаңда балықтардың шамамен 100 түрі кездеседі деп жоғарыда айтылды.

1) қортпа (Huso Brandt, 1862* - белуга);

2) бекіре (Acipenser Linne, 1758 - осетр);

3) лосось (Salmo Linee, 1758);

4) плотва (Rutilus Raginesgue, 1820);

5) ақмарқа (Aspius - жерех);

6) қаяз (Barbus Cuvier, 1817 - усач);

7) табан балық (Abramis Cuvier, 1817 - лещ);

8) сазан (Cyprinus, 1758 - сазан);

9) алабұға (Регса Linne, 1758 - окунь);

10) көксерке (Stizostedion Rafinesquer 1820 - судак) және тағы басқа туыстар өкілдері қарастырылады.

Бұл жерде шаруашылықта маңызы зор бір туыс балықтарын мысал ретінде сипаттап өтейік.

Сазан - Cyprinus туысы.

Сазан Cyprinidae - карповые - тұқытектестер тұқымдасына жатады. Сазан туысынан Cyprinus carpio - сазан түріне сипаттама беріп өтейік. Бұрынғы КСРО территориясында 3 түрде, ал Қазақстанда 2 түрде кездеседі. Оның бірі: Cyprinus carpio aralensis Spitcshakov - Арал сазаны. Таралуы - Қазақстан (Батыс Қазақстаннан басқа) су қоймаларында кең таралған. Ұзындығы - 40-45 (80) см, салмағы - 2-2,5 (22,5) кг. Кәсіптік түрі Қазақстанда Орал, Каспий және Ембіден басқа барлық су алаптарында мекендейді. Ал Орал, Каспий және Ембі су алаптарында европалық сазан мекендейді.

Саны және шаруашылықтағы маңызы.

Қазақстанда сазан балығы бекіре және лосось балықтарынан кейін ең бағалы кәсіптік балық болып саналады. Тамаққа, негізінен, жаңа ауланған кезінде пайдаланылады, сазан спорттық балық аулау объектісі. Ыстық қақталған немесе сүрленген сазан жақсы гастрономиялық сапасымен ерекшеленеді.

Орал, Ембі және Каспий теңізі акваториясында балықтардың 63 түрі мекендейді. Каспий су қоймасына қатысты ерекше көңіл аударуды қажет ететін балықтар, ол бекіреге (осетр) жататын 5 балық түрі:

1) қортпа (белуга);

2) бекіре (осетр);

3) шоқыр (севрюга);

4) сүйрік (стерлядь);

5) пілмай мекіре (шип).

Губкалар(Spongіa немесе Porіfera) – омыртқасыздардың бір типі. Олардың теңіз түбіне немесе су түбіндегі заттарға бекініп қозғалмай тіршілік ететін 5000-нан астам түрі белгілі (1 түрі – Каспий т-нде кездеседі). Губкалар 3 класқа бөлінеді: ізбесті губкалар(Calcarea), шынылы губкалар (Hyalospongіa) және кәдімгі губкалар (Demospongіa).

 

Губкалардың қаңқасынан дене жуатын ысқылауыш дайындайды. Тұщы су Губкалары (мыс., бадяга) кептіріліп, ұнтақталған күйде медицинада ревматизмді емдеуге пайдаланылады. Шынылы Губкалардан сәндік бұйымдар жасалынады. Губкалардың қазба қалдықтары протерозой шөгінді жыныстарынан табылған.

 

Балдырлар (лат. Algae) — төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз да өседі. Балдырдың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды.Жасуша қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Жасушасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасындамитохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдыр биохимикалық қасиеттеріне және жасушалық құрылымына қарай 12 типке бөлінеді: көкжасыл Балдыр (Cyanophyta), прохлорофиттіБалдыр (Prochlorophyta), қызыл Балдыр (Rhodophyta), жалтырауық Балдыр (Chrysophyta), диатомды Балдыр (Dіatomeae),криптофитті Балдыр (Cryptophyta), динофитті Балдыр (Dіnophyta), қоңыр Балдыр (Phaeophyta), сарыжасыл Балдыр (Xanthophyta), эвгленді Балдыр (Euglenophyta), жасыл Балдыр (Chlorophyta), хара Балдыры (Charophyta). Бұлардың 30 мыңға жуық түрі белгілі,Қазақстанда 1 мыңнан астам түрі кездеседі.

Балдыр — жан-жануарлардың мекені, тіршілік-терінің көзі. Бентосты Балдырға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағандапланктонды Балдырдың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін Балдыр шіріп, сапропельге айналады. Сапропельден смола, бензин, керосин, техника майлар, лактар алынады. Балдырдың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл Балдырдан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр Балдырдан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ, күлінен калий, натрий тұздары, иод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр Балдыры “теңіз капустасы” деген атпен, ал жасыл Балдыр (ульва) “теңіз салаты” деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады.

 

ҚР өсімдік шаруашылығының бүгінгі бейнесін айтып беріңіз.

Өсімдік өсіру, өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығыныңның халықты азық-түлікпен, мал шаруашылығын жем-шөппен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін маңызды саласы. Мал шаруашылығымен тығыз байланысты. Өсімдік өсіруге егіншілік, шабындық, орман шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жеміс-жидек шаруашылығы, әсемдік бақ өсіру және жабайы жеміс-жидек, саңырауқұлақ, дәрілік, т.б. пайдалы өсімдіктерді жинау шаруашылықтары жатады. Екінші жағынан өсімдік өсіру – ауыл шаруашылығы өсімдіктері түсімін молайту, өнім сапасын жақсарту, қаржы мен еңбекті аз жұмсап, көп өнім алу мәселелерін зерттейтін ғылым. Өсімдік өсіру ғылым ретінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің вегетация дәуірінің ұзақтығын, өсу және даму сатыларын, тамыр жүйесінің даму динамикасын, құрғақ зат жиналуын, зат алмасуын, суыққа, қуаңшылыққа төзімділігін, т.б. зерттейді. Өсімдіктің биологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай түр, сорт, гибридтерді аудандастыру, жерсіндіру, т.б. мәселелерді шешеді. Ғылыми тұрғыдан егіншілік, топырақтану, биохимия, генетика, селекция, микробиология, агрофизика, агрохимия, өсімдіктерді қорғау, т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.

Ежелгі ғасырларда-ақ адам жерді өңдеп, егіншілікпен айналыса бастағаннан пайдалы өсімдіктердің ең жақсы түрін, сортын іріктеп, оларды өсіру әдістерін жақсартып отырған. Өсімдік өсіру туралы жалпы деректер ежелгі Рим кезінен белгілі. Қазақстанда бұл саладағы зерттеулер тұңғыш Темір (1907), Львов (1908),Красноводопад (1910), Семей (1911) егіс танаптарында басталды. Өсімдік өсіру мәселелерімен республикада әр жылдары құрылған мемлекеттік селекция және ауыл шаруашылығы станцияларылары шұғылданды. 1934 жылы ашылған Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты республикада осы бағытта жүргізілетін зерттеулерді үйлестіріп отыратын ірі ғылыми орталыққа айналды. Зерттеу жұмыстарымен ВАСХНИЛ-дің Шығыс бөлімшесі қарамағындағы бірнеше ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу, ауыл шаруашылығы институттары, 18 облыстыңауыл шаруашылығы және 2 мемлекеттік селекция станциялары шұғылданды. Қазақстанда Өсімдік өсіру ғылымының дамуына Александр Иванович Бараев,Кузьмин Валентин Петрович, Зыков Дмитрий Андреевич, К.Иманғазиев,Бияшев Ғакаш Закиевич, А.И. Бабаев, А.Жанғалиев, Н.Л. Удольская,А.К. Гольбек,А.И. Кацейка, т.б. үлкен үлес қосты. К.А. Тимирязев,Д.Н. Прянишников, В.Р. Вильямс, Н.И. Вавилов, И.В. Мичурин, т.б. еңбектерінің үлкен маңызы болды. Екпе дақылдарды қандай мақсатта егілетініне және күту әдісіне қарай 7 топқа және өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне, химиялық құрамына, т.б. қарай бірнеше классификациялық топқа бөледі (қ. Кесте). Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиясы мен өнім өндірудегі негізгі тәсілдер: жергілікті климат пен топыраққа бейімделген, бағалы шаруашылық және биологиялық қасиетімен ерекшеленетін сорттарды таңдап алу; ауыспалы егіс жүйесінде алғы дақылдарды дұрыс таңдау; топырақты өңдеу шараларын жүргізу және тыңайтқыштарды қолдану; тұқым себуге дайындалу; тұқым себу (мерзімі, себілетін тұқым мөлшері, себу әдісі және тереңдігі агротех. талаптарға сай болуы керек); егісті талапқа сай күтіп-баптау (топырақты өңдеу, үстеп қоректендіру, арам шөптерін жұлу, өсімдіктерді зиянкестерден және аурудан қорғау, пәлегін және жапырағын түсіру тәсілдерін қолдану); егінді, шыққан өнімді ысырапсыз жинау (негізгі және қосалқы өнімді шығынсыз жинауды мерзімінде ұйымдастыру, егіс даласын аңыздық қалдықтардан тазарту, өнімді жинағаннан кейін топырақты өңдеуді ұйымдастыру), т.б. Өсімдік өсірудегі басты мақсат – ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ең тиімді тәсілдерін қолданып, ғылымның кейінгі жетістіктері мен қарқынды технологияға сүйене отырып, астықтың, көкөністің және технология дақылдардың өнімділігін жоғарылату және өнім сапасын арттыру. Өсімдік өсірудегідегі ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде егістікке тәжірибе танаптарын белгілеу, лабаратория және вегетация тәсілдерді қолдану арқылы тұқымның, өсімдіктердің және топырақтың физика, химия, биология және микробиология қасиеттерінің өзгеруіне талдау жасалынады. Сонымен қатар, ғылым жетістіктерін, ұсынылған жаңа әдістерді және егістік дақылдардың жаңа сорттарын (гибридтерін) сынау мақсатында және олардың агротехникалық, экономикалық құндылығын анықтау үшін шаруашылықтарда өндірістік тәжірибелер жүргізіледі. Қазақстанда І.Әбуғалиев, Л.Бобров,П.Ажигоев, А.Алманиязов, Б.Бәсібеков, В.Жигайлов, М.Ерлепесов, И.Сүлейменов, М.Сүлейменов, С.Чаянов, т.б. ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде ауыл шаруашылығы және мал азықтық дақылдар өсірудің агротехникалық тәсілдері, аймақтық технологиялары, республиканың әр өңіріне арналған егіншілік жүйелері табылып, өндіріске енгізілді, селекция және тұқым өсіру мәселелері зерделенді. Р.Оразалиев, Т.Зусманович, П.Федоров, Ғ.Мейірман, В.Жигайлов, О.Төрешев, Б.Сариев,А.Әбуғалиева, Д.Ізбасаров, К.Шалбаев, С.Бабаев, С.Кененбаев, І.Бәкірұлы, С.Сәдуақасов, К.Аяпов, т.б. ғалымдардың еңбектері нәтижесінде өсімдіктер түрлерінің бірнеше сорттары шығарылған. Қазақстанда өсімдік өсіруге байланысты ғылыми зерттеулерді Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты, Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты, Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты, т.б. мекемелер, ауыл шаруашылығы тәжірибе станциялары жүргізеді.

 

Қазақстан фаунасын зерттеудің қысқаша тарихын жазыңыз.

ФАУНА (лат. Fauna – Ежелгі Рим мифологиясы бойынша орман мен егістік құдайы; жануарлар қамқоршысы) – белгілі бір аумақта мекендейтін не Жер тарихының белгілі бір кезеңінде тір







Последнее изменение этой страницы: 2017-01-24; Нарушение авторского права страницы

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 35.173.48.224 (0.027 с.)