Жасанды оттегі тасмалдаушы инфузия 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жасанды оттегі тасмалдаушы инфузия



АҚК қабыну кезінде қалған гемоглобин деңгейі керекті газ алмасу процессін қамтамасыз ете алмағандықтан кристаллоидты және коллоидты ерітінділермен жұмыс істеуде мәселелер туындауы мүмкін. Осы кезде жасанды оттегі тасмалдаушы қолданса болады; жасанды оттегі тасмалдаушы – бұл гемоглобинмен перфторанның модифицирленген ерітіндісі. Гемоглобин препараты Ресейден алынған, аты "Эригем" деп аталады. Оған әлі экспериментальды және клиникалық зерттеу жүргізіп жатыр. Ал перфторан клиникалық зерттеудің барлығынан өткенен кейін, өндірісте шығаруға лицензия алған (1997). Қазіргі кезде перфторан дәріханаларда сатылады және клиникалық мекемелерге таралған. Бұл препарат қан алмастырушы жаңа препараттардың ұрпақтарына жатады. Газ тасмалдаушы қызметке ие, газ алмасу және метаболикалық процесті жақсартады. Негізгі ерекшелігі перфторанның оттегінің 60 көлемдік % тіндерге жеткізіп ерітеді және көмір қышқыл газының 90 көлемдік % тіндерден шығарады. Тағы да мембрананың орталық гемодинамиканы қалыпқа келтіретін қызметі бар, миокардқа протектор ретінде әсер етеді, шеткері қандағы микроцеркуляцияны жақсартады, сорбционды және диуретикалық процестерге әсер етеді (Иваницкий Г.В., Мороз В.В., 2001). Перфторанды газ тасмалдаушы қызметімен, қан алмастырушы препарат ретінде қолданады:

· Жедел және созылмалы гиповолемия (травмалық, гемодинамикалық, күйік және инфекциялық-токсикалық, бас сүйек-ми жарақаттық операциялық, операциядан кейінгі гиповолемия);

· Микроциркуляцияның және шеткі ҚАЖ бұзылысында (тіндік метаболикалық газ алмасу өзгерісі, іріңді-септикалық жағдай, бас ми қан айналысының бұзылуы, майлы эмболияда);

· Аумақты перфузияда, ішастар және басқа қуыстардағы іріңді жарақатты жуу кезінде;

· Донор ағзаға ишемияға қарсы қорғаныс үшін (донор, рецепиентті тексеру кезінде).

Перфторан гемофилиясы бар науқасқа қарсы көрсеткіш болып саналады. Себебі оны қабылдағанда қан тұтқырлығы төмендейді және оның ағымы жоғарлайды. Ал жүкті немесе бала емізетін әйел препаратты өмірлік көрсеткіш болған жағдайда қолданады.

Перфторан 50, 100, 200, 400 мл шыны флаконда резинкелі жабық қақпақпен жабылған және алюминді қақпақшалармен қысылған түрде шығарылады. Препарат -18-ден -4°С-ке дейінгі температурада мұздатылған түрде 3 жылға дейін сақталады. Бөлме температурасында еріту керек. Еріткеннен кейін флаконды толық бір қалыпты деңгейге келгенше шайқайды, инфузия алдында +21-23°С температураға дейін жылыту керек. Еріткен күйде препратты +4°С мұздатқышта, 2 аптадан кем емес уақытта сақтауға болады.

Перфторан 5,0 ден 30,0 мл/кг дене салмағына байланысты тамшылатып немесе үздіксіз енгізіледі. Ол микроқантамырлардан жақсы өтеді, майлы эмболияны ерітуге қабілетті, қан тамыр ағымында ұзақ уақытқа дейін айналады, гемаррагиялық және травмалық шок кезінде тиімді. Егер науқас сол уақытта және сол тәулікте препаратты құйғаннан кейін оттегімен қаныққан қоспамен тыныс алса, онда нәтижесі өте жақсы болады.

Перфторан енгізу кезінде міндетті түрде биологиялық сынамалар жасау керек: баяу 5 тамшы енгізгеннен кейін 3 минутқа препаратты енгізуді тоқтатады, одан кейін 30 тамшы сосын тағы 3 минутқа тоқтатады. Осы процесстен кейін реакция болмаса, препарат енгізуді жалғастырады. Биосынақ нәтижесі ауру тарихына жазылуы керек. Ауру тарихына тағыда флаконды визуальды қарау нәтижелері және берілген этикеткасы жазылады.

Перфторанды (бір шприцте, системада, АИК)декстранмен(полигюкинмен немесе реополиглюкинмен) және гидроксиэтилкрахмал препаратымен қолдануға болмайды. Көрсетілген препараттарды сол немесе басқа көк тамырға перфторанның инфузиясын аяқтаған соң енгізеді.

ерфторан енгізгеннен кейін аллергиялық реакциялар(крапивница, тері қышымасы,тері бетінің қызарулары), пульстің жиілеуі, АҚ төмендеуі температураның жоғарлауы, бас ауру, кеуде және бел аймағындағы ауру сезімі, тыныс алудың қиындауы болуы мүмкін. Егер осы реакциялар көрінетін болса онда инфузияны тоқтатып, инені шығармай сол инеге клиникалық көріністеріне байланысты десенсибилиздеуші, кардиотоникалық, глюкокортикостероидтар, вазопрессорларды және басқа да анафилаксикалық шок кезінде енгізетін препараттарды енгізеді.

 

8.6 Метоболизмге әсер ету әдістері.

Оттегіге қажеттіліктің төмендеуі әртүрлі нейролептиктерге әкелуі мүмкін, олар операция алдында премедикация үшін немесе операция кезінде анальгетиктермен үйлесе қолданылуы мүмкін (дроперидолмен нейролептоанальгезия) Литикалық қоспалар енгізу көмегімен жасанды гибернация әдісі жасалған болып табылады (амназин, дипразин, этизин және т.б) Бұл препараттарды енгізгенде жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімінде әртүрлі звенолар өзгеріске ұшырайды, нәтижесінде нейрогуморальды регуляция тежеледі. Зат алмасу процесі баяудлайды, дене қызуы төмендейді, сонымен қатар тіндедің оттегіге қажеттіліг төмендейді. Жүрек ірі қан тамырлар, бас миының операцияларында дене температурасын физикалық немесе фармокологиялық заттардың көмегімен түсіруге бағытталған жасанды гипотермияны қолданады. Дененің жалпы салқындауы ағзаның реактивтілігін, қышқылды процесстерді,, негізгі алмасуларды төмендетеді және жасушалардың оттегіге қанығуына жоғарғы төзімділікті туғызады. Егер қалыпты температурада денедегі қан айналым ми жасушаларына жағымсыз әсер болмағанда денедегі қан айналым тоқтауы төрт минутты құраса, онда гипоермия кезінде қан айналымда он екі, он бес минут тоқтатуға болады. Қазіргі таңда клиникалық тәжерибеде гиербариялық оксигенация кеңінен қолданылады.

 

8.7 Гемопоез.

Гемопоезбен қан ұюды басқару әдістері қазіргі кезде әртүрлі биогенді препараттар қойылған. Оларды ағзаның ауторегуляция қызметін реттеуде қолданылады. Заманауй техналогияда эритропоетин, тромбопоетин, қан ұю факторлары (VII, VIII, XIX) сияқты препараттарды өндіру қолданылады. Бұлар гемотерапияда көрсетілген. Әртүрлі себептерге байланысты гемостаз бұзылыстарында қан алмастырғыш қасиетіне сай қан компоненттерімен плазма препараттарына коррекция жүргізіледі, ол өз кезегінде толық алмастырғыш гемотерапияның туындауына әкеледі. Трансфузионды терапияның адекватты программасында әрдайым қан компоненттері сәйкес келе бермейді, әсіресе шұғыл жағдайларда, ауыр қан кету, шок, коагулопатия. Бұл кезде толық бүтін қанды құю міндетті болып табылады, және бұл науқастарда, емдеудегі жалғыз құтқару әдісі болуы мүмкін.

70-80жж ХХ ғасырдың жүз жылдығында СССР, АҚШ, Жапонияда фтор, көмірсу негізінде қан алмастырғыштарды енгізу жұмыстары кеңінен жүргізілді. Бұл байланыстардың ерекшелігі олар оттегінің қажетті көлемін жақсы ерітеді. Оны ағзалармен тіндерге жеткізеді және көмірқышқылды басады. Экспериментальды деңгейдегі жұмыстар клиникалық қолдануға ауыстырылған жасанды қан енгізу мәселелері фтор көмірсу байланыс кезінде нақты шешілмеген. СССР кезінде оттегінің табиғи тасымалдануы гемоглобинді енгізу жұмыстары жүргізілген эригель деп аталатын (препарат алынды). Клиникада отыз науқасқа А пробирленген жағдайда жүргізілген. Бұл препарат табиғи гемоглобинге қарағанда тін жасушаларына оттегіні жеңіл береді.

 

*******************



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-01-24; просмотров: 264; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.92.96.247 (0.021 с.)