Цитруллинирленген пептидтерге антиденелер 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Цитруллинирленген пептидтерге антиденелер



***

149. Науқас К., 50 жаста, «механикалық ырғақты» тізе буынындағы ауру сезіміне шағымданады. Ұзақ уақыт жүргеннен кейін жағдайы нашарлайды. Объективті: саусақтардың дистальды фалангааралық буындарының тығыз түйін түрінде деформациясы, 3-саусақтың шығуы. Тізе буындары дефигурацияланған, буын маңы тіндері тығыздалған. Қанда: эритроциттер-4,2 млн., лейкоциттер-5,6 мың, ЭТЖ-15 мм/сағ. Қандай топ препараттарын тағайындаған тиімді?//

цитостатик//

алтын препараттары//

кортикостероидтар//

аминохинолин туындылары//

стероидты емес қабынуға қарсы

***

150. Науқас С., 60 жаста, шынтақ буындарындағы ауру сезіміне шағымданады. Жүрек ауруы кезінде диуретиктер мен гепарин қабылдаған. Объективті: шынтақ буыны аймағында ісіну мен гиперемия, қозғалысы шектелген, бұршақ мөлшерлі тығыз түйіндер бар. Жүрек тондары әлсіз, жыбыр аритмиясы. ЖЖЖ-100 рет минутына. ЖҚА: эритроциттер - 4,2 млн. Нв -150 г/л, лейкоциттер -10 мың. ЭТЖ-2мм/сағ. ЖЗА: сал.тығ.-1020, лейкоциттер -4-5 к/а, эритроциттер – 6-8 к/а. Ураттар +++. Диагнозды қандай зерттеу дәлелдейді?//

Ваалер-Розе реакциясы//

креатинин мөлшерін анықтау//

зәр қышқылы деңгейін анықтау//

қабынудың жедел фазалық көрсеткіштерін анықтау//

синовиальды сұйықтықты бактериологиялық зерттеу

***

151. Науқас 50 жаста, әйел адам. Соңғы 3 жылда кезеңді түрде жұмыс соңында, жүргенде, баспалдақпен көтерілгенде пайда болатын, тыныштықта азаятын тізе буынындағы, оң жақ аяқтың брінші бақайының плюсне-фалангалық буынындағы ауру сезімі және сықырлау сезімі мазалайды. Ауру сезімі біртіндеп күшейе берді және кезекті бір ұзақ жүргеннен кейін оң жақ тізе буыны ісініп, қозғалысы шектелді. Қарағанда: науқастың салмағы жоғары. Тізе буындары ісінген, пальпацияда ауру сезімі, қозғалғанда крепитация. Қол саусақтарының I және III дистальды фалангараралық буындары деформацияланған, сырт жағында тығыз түйіндер орналасқан, пальпацияда ауырады. ЭТЖ-20 мм/сағ., СРБ+. Тізе буындарының рентгенографиясы: буын саңылауының тарылуы, сан сүйегі айдаршығының шеттері ұшталған, субхондральды остеосклероз. Сіздің диагноз?//

Ревматоидты артрит//

Подагралық артрит//

Реактивті артрит//

Остеоартроз//

Псориаздық артрит

***

152. 48 жастағы ер адам бұрын активті түрде спортпен айналысқан (футболист). Соңғы жылдары оң жақ шап аймағындағы, жамбас пен санындағы жүрген кезде пайда болатын, тыныштықта басылатын ауру сезімі пайда болды. Оң жақ жамбас-сан буынының рентгенографиясында ешқандай патология анықталмады. Біртіндеп ауру сезімі интенсивті бола бастады, кезеңді түрде ауру сезімімен буыны сіресіп қалады, ешқандай қимыл жасау мүмкін болмай қалады да, кейіннен өздігінен басылады. Қарағанда: жамбас-сан буыны аймағы өзгеріссіз, бірақ пальпациялағанда ауру сезімі бар. Оң жақ сан және жамбас бұлшықеттерінің аздаған гипотрофиясы. Бел бөлімінің гиперлордозы, жүргенде науқас ақсайды. Оң жақ санның бүгілу мен жазылуы, ротациясы мен әкетуі шектелген. Оң жақ жамбас-сан буынының остеоартрозы диагностикаланды. Коксартрозды брінш кезекте қандай аурумен ажырату керек?//

жамбас-сан буынының периартриты //

Жекелеген коксит//

Гонартроз//

Псориаздық артрит//

Периартрит, коксит

***

153. Науқас 23 жаста, тізе буындарындағы ауру сезімі мен ісінуіне, қозғалысының шектелуіне шағымданады. Үш күн ауырады, жоғарыда аталған симптомдардың күшеюін айтады. Бұрын ауырмаған, бірақ екі апта бұрын баспамен ауырған. Қарағанда жағдайы қанағаттанарлық, тізе буыны ісінген, гиперемия, жергілікті температурасы жоғарылаған, қозғалғанда ауырады. Қанда: ЭТЖ-30 мм/са, СРБ++, гиперальфаглобулинемия, АСЛ-О. Мүмкін болатын диагноз?//

Инфекционды артрит//

Ревматоидты артрит//

Интемиттирленуші гидрартроз//

Подагралық артрит//

Реактивті артрит

***

154. Науқас С., 62 жаста, стационарға жалпы әлсіздік, субфебрилитет, мойын, иық, жамбас белдеуі бұлшықеттеріндегі ауру сезімі мен әлсіздікке шағымданып келді. 3 ай бұрын ауыра бастады. Қарағанда: иық және жамбас-сан бұлшықеттерінде ауру сезімі. Өкпе, жүрек, іш қуысы органдарын тексергенде патология анықталмады. Қан анализі: НВ 90 г/л, эр. 2,91х10 12 /л, л 7,2х10 9 /л, э-1, п-1, л-22, м-3, ЭТЖ-68 мм/сағ. СРБ +++. Фибриноген ІІ г/л, сиал сынамасы 0,280ед. Жалпы белок 76,0г/л, альбуминдер 42,5%. КФК 16 Е/л (№=20Е/л). Ең мүмкін болатын диагноз?//

Дерматомиозит//

Полимиозит//

Ревматоидты артрит//

Ревматикалық полимиалгия//

Жүйелі склеродермия

***

155.Науқас М., 22 жаста, стационарға әлсіздік, терлегіштік, аяқ пен қол саусақтары буындарындағы ауру сезіміне, жүрген кезде пайда болатын ентігуге, жиі жүрек соғуына, субфебрилитет, шаштың түсуі, арықтауға шағымданып келді. 1,5 жылдан бері ауырады. Ауру оң жақтық экссудативті плевриттен басталды. Туберкулостатиктермен емдегеннен кейін плеврит сіңірілді, бірақ 2-3 ай интервалмен рецидивтелді. Сонымен қатар артралгиялар, дене қызуының дене қызуының 39-40С-қа дейін жоғарылауы, жүрек тұсындағы ауру сезімі, ентігу, қалтырау, шаштың түсуі мазалайды. Жазғы уақытта бірінші рет бетінде эритема пайда болды. Ревматизм, ревматоидты артритке байланысты ем қабылдады, нәтижесіз. Түскен кездегі жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 39,20С, арық. Адинамия. Терісі құрғақ, ьетінде пигментация. Алақандарында васкулиттер. Шаштары сирек. Фалангааралық, білезік, тобық буындарының артриті. Жүрек тондары әлсіз. Жүрек ұшында систоликалық шу. АҚҚ 110/70 мм сын бағ. ЖЖЖ 92 рет мин., ырғағы дұрыс. ТАЖ 21 рет минутына. 8-9 қабырға деңгейінде жауырын астында тұйықталу. Осы жерде тыныстың әлсіреуі және бронхофония. Бауыр қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, шеттері жұмсақ, ауру сезімі бар, сол жақ сирақтың көктамырларының тромбофлебиті. НВ-78 г/л, л-4,8*10⁹/л, ЭТЖ-56 мм/сағ, мочевина-6,3. Зәрде белок-2,31 г/л, лейкоциттер 12-15 к/а.,эритроциттер 2-3 к/а, гиалинді цилиндрлер 3-4 к/а. Ең мүмкін болатын диагноз?//

Инфекционды эндокардит//

Түйінді полиартериит//

Криптогенді сепсис//

Жүйелі қызыл жегі//

Идиопатиялық дерматомиозит

***

156. Науқас А., 45 жаста, қол саусақтарының буындарындағы ісіну мен ауру сезіміне, 2-3 сағат бойы таңертеңгілік құрысу, әлсіздік мазалайды. Бір жылдан бері ауырады, ауруын басынан өткізген баспамен байланыстырады. Ацетилсалицил қышқылы мен бутадионмен емдеген ісінудің қысқа уақытқа азаюына ғана әкелді. II-III саусақтың проксимальды фалангааралық буындардың симметриялы дефигурациясы, экссудативті ісінуі, саусақтардың аздаған атрофиясы, қозғалысы шектелген. Саусақтардың рентгенограммасында буын маңы остеопорозы. ЭТЖ– 41 мм/сағ, СРБ (+++), сиало қышқылы– 0,280, серомукоид – 0,400. Ең мүмкін болатын диагноз://

Ревматоидты артрит//

Инфекционды артрит//

Реактивті артрит//

Остеоартроз//

Анкилоздаушы спондилоартрит

***

157. 25 жастағы ер адам дәрігерге шағымданып келді: оң жақ аяғының үлкен бақайшағындағы, сол жақ тобық буынындағы ауру сезімі мен ісінуге, омыртқаның бел бөліміндегі айқын емес ауру сезімі, өкшедегі ауру сезімі, дене қызуының 37,5 градусқа жоғарылауы. Бір ай бұрын туристтік қыдыру кезінде диарея болып, өздігінен кеткен. Буын синдромы дамуы алдында көз зақымдалуы белгілері болған (ауру сезімі, жасаурауы, конъюктива гиперемиясы). Қарағанда: табанның кератодермиялық зақымдалуы, тырнақтардың трофикалық өзгерісі. Оң жақ аяқтың бақайшығының «сосиска» түрде ісінуі, сол жақ тобықтың ісінуі, қозғалысының шектелуі. Қанда: лейкоцитарлы формуланың солға ығысуымен лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы. Буындар рентгенографиясында патология анықталмады. Ең мүмкін болатын диагноз://

Анкилоздаушы спондилоартрит//

Псориаздық артрит//

Рейтер ауруы//

Подагралық артрит//

Гонококкты артрит

***

158. 26 жастағы ер адам дене қызуының 38,5° жоғарылауы, білезік пен тобық буындарындағы ауру сезіміне, сол жақта қаттырақ, бас ауруы, жалпы әлсіздік, терлегіштікке шағымданады. Өзін 4 ай бойы аурумын деп санайды, алдымен омыртқаның мойын бқліміндегі ауру сезімі және бас ауруы, таңертеңге қарай қалтырау мен терлегіштік мазалады, кейіннен екі апта өткен соң еннің ісінуі пайда болды. Іріңді жарғаннан кейін дене қызуы жоғарылады, бас ауруы мен әлсіздік күшейді, буындарда ауру сезімі пайда болды. Мүмкін болатын диагноз?//

Еннің семиомасы//

реактивті артрит//

туберкулезды орхит//

жеделше бруцеллез//

созылмалы бруцеллез

***

159. Науқас Д., 14 жаста, баспадан соң 3 аптадан кейін қайтадан дене қызуы жоғарылап, симметриялы миграцияланатын ірі буындардағы ауру сезімі, жүрек қағуы пайда болды. Қарағанда ісінген тізе буындары аймағында сіңірлер бекінген жерлерде ұсақ түйіндер анықталды. Зерттегенде динамикада антистрептолизин –О титрі, антистрептогиалуронидаза жоғарылағын. Бұл жағдайда екіншілікті профилактиканың ұзақтығы://

Соңғы атакадан кейін 10 жылдан аз емес немесе 21 жасқа дейін («қайсысы ұзақ» принципі бойынша)//

Соңғы атакадан кейін 10 жылдан аз емес немесе 40 жасқа дейін («қайсысы ұзақ» принципі бойынша)//

Өмір бойы//

Соңғы атакадан кейін 5 жылдан аз емес немесе 21 жасқа дейін («қайсысы ұзақ» принципі бойынша)//

2 апта

***

160. Науқас А., 20 жаста, 39°-қа дейін дене қызуының жоғарылауына шағымданады. 3ай бойы өздігінен антибиотиктер, қызу түсіретін препараттар ішкен. Жүрген кезде пайда болатын ентігу мазалайды. Объективті: беттің гиперемиясы және ісінуі. Бетінде, арқасында эритематозды папулезды бөртпе. Лимфаденопатия. Афтозды стоматит. Шаштың түсуі. Тізе буыны мен қол саусақтарының ұсақ буындары ісінген, ауру сезімі бар. Жүрек ұлғайған, тондары әлсіреген. АҚҚ-150|90 мм сын. бағ. ЖЖЖ 110 рет мин. ФГДС- асұазанда эрозивті жаралы өзгерістер. Қанда: креатинин – 80 ммоль/л, эр-3,2 млн., Нв-100 г/л, лейкоциттер-3 мың., ЭТЖ-40 мм/сағ. Зәр анализі: белок- 1,9 г/л, эр-1-8 к/а, дәнді цилиндрлер. Диагноздың қай формулировкасы?//

ЖҚЖ, жедел ағымы, 3 дәрежелі белсенділік, тері, буын, жүрек, бүйрек зақымдалуымен. БҚБ 2 дәр. ҚТЖ 1. СБЖ 0 НПВП-ассоцирленген гастропатия//

ЖҚЖ, жедел ағымы, 3 дәрежелі белсенділік, тері, буын, асқазан, бүйрек зақымдалуымен. БҚБ 2 дәр. ҚТЖ 1. СБЖ 1//

ЖҚЖ, жеделше ағымы, 3 дәрежелі белсенділік, тері, буын, асқазан, бүйрек зақымдалуымен. БҚБ 2 дәр. ҚТЖ 1. СБЖ 1//

ЖҚЖ, жеделше ағымы, 3 дәрежелі белсенділік, тері, буын, жүрек, бүйрек зақымдалуымен. БҚБ 2 дәр. ҚТЖ 1. СБЖ 0 НПВП-ассоцирленген гастропатия//

ЖҚЖ, созылмалы ағымы, 3 дәрежелі белсенділік, тері, буын, жүрек, бүйрек зақымдалуымен. БҚБ 2 дәр. ҚТЖ 1. СБЖ 0 НПВП-ассоцирленген гастропатия

***

161. Науқас жүйелі қызыл жегімен ревматологта бақыланады. Адекватты индукционды қабынуға қарсы (преднизолон 0,5 мг/кг күніне) және базисті (микофенолата мофетил 2 г/тәу), антикоагулянтты (варфарин 1,25 мг/тәу), антиагрегантты ем (плавикс 75 мг/тәу) қабылдады. Қазіргі уақытта қолдаушы ем қабылдайды (микофенолата мофетил 1,0 г/тәу. преднизолон 5 мг/тәу, курантил 75 мг/тәу). Бұл тактика ең тиімді://

Пролиферативті жегілік нефриттің жеңіл түрінде//

Пролиферативті жегілік нефриттің аздаған ауырлығында//

Пролиферативті жегілік нефриттің ауыр түрінде//

ЖҚЖ бүйректің зақымдалусызында//

ЖҚЖ-де мұндай тактика тиімсіз

***

162. Науқас жүйелі қызыл жегімен ревматологта бақыланады. Адекватты индукционды қабынуға қарсы (преднизолон 1,0 мг/кг күніне) және базисті (микофенолата мофетил 3 г/тәу), антикоагулянтты (варфарин 2,5 мг/тәу), антиагрегантты ем (плавикс 75 мг/тәу) қабылдады. Қазіргі уақытта қолдаушы ем қабылдайды (микофенолата мофетил 2,0 г/тәу. преднизолон 10 мг/тәу, варфарин 1,25 мг/тәу). Бұл тактика ең тиімді://

Пролиферативті жегілік нефриттің жеңіл түрінде//

Пролиферативті жегілік нефриттің аздаған ауырлығында//

Пролиферативті жегілік нефриттің ауыр түрінде//

ЖҚЖ бүйректің зақымдалусызында//

ЖҚЖ-де мұндай тактика тиімсіз

 

 

163. Склеродермияның қай түрінде пеницилламин қолдану керек емес?//

Диффузды//

лимитирленген//

Висцеральды (склеродермасыз склеродермия)//

Қиылысты//

ювенильді

***

164. Науқас 48 жаста, құлақ маңы бездері проекциясындағы түзілістің пайда болуына, 5-6 апта бойы мазалайтын ауыздың құрғауына, көздегі бөгде зат тұрғандай сезімге, жарықтан қорқуға, көз жасының болмауына, субфебрилитет, кезеңді артралгияларға шағымданады. Мүмкін болатын диагноз?//

Шарп синдромы//

Фелти синдромы//

Уиппл синдромы//

Такаясу ауруы//

Шегрен ауруы

***

165. Науқас Г., 56 жаста, көзінде құм тұрғандай сезімге және ауыз құрғауына шағымданады. Объективті: тістердің көптеген кариестері, көз бен ауыздың шырышты қабықшасының айқын құрғауы, оң жақта құлақ маңы мен сілекей безі ұлғайған. Шиммер және бенгаль қызғылтымен тест оң. Рентгенограммада спецификалық емес пневмонит белгісі. Гематокрит - 35 %, лейкоциттер 3,2 мың, ЭТЖ 47 мм/сағ. IgG және IgM концентрациясы жоғарылаған. Ревматоидты фактор 1:640 және антинуклеарлы антиденелер титрі 1:256 біркелкі емес формалы. Аталған диагноздардың қайсысы ең мүмкін?//

Шарп синдромы//

Фелти синдромы//

Шегрен ауруы//

Уиппл синдромы//

Такаясу ауруы

***

166. Науқас Р., 65 жаста, қатты бас ауруына, оң жақта көздің көруінің нашарлауына, иық белдеуі бұлшықеттеріндегі ауру сезіміне, арықтауға шағымданады. 3 жылдан бері ауырады. Кейіннен оң жақта беттің ауру сезімі мен парестезиясы қосылды. Жағдайы ауыр, қолымен бетінің оң жақ бөлігін ұстап тұр, оң жақ самай артериясы ұстағанда тығыз, пульсациясы төмендеген, АҚҚ-140/70 мм сын.бағ. Қанда: лейкоцитоз,ЭТЖ жылдамдауы. Окулист: көру жүйкесінің бөліктік атрофиясы. Қай топ препараттарын тағайындаған тиімді?//

цитостатиктер//

антикоагулянттар/

кортикостероид//

Аминохинолин туындылары//

Стероидты

***

167. Науқас Т., 16 жаста, ірі буындардағы ауру сезімі, субфебрилитет пайда болды, бас ауруы, бас айналуы, көзінің көруінің төмендеуі қосылды. Об-ті: Жүрек шекаралары солға ығысқан, барлық нүктелерде систоликалық шу естіледі, мойын тамырларына, құрсақ аортасына беріледі. Кәрі жілік артериясында пульс сол жақта әлсіреген. АҚҚ оң қолда 230/130, сол қолда 150/130, аяқта 220/110 мм.сын.бағ. Көз түбі тамырлары өзгерген. Мүмкін болатын диагноз?//

Бехчет ауруы//

Түйінді полиартериит//

бейспецификалық аортоартериит//

Хортон ауруы//

Тамырлар атеросклерозы

***

168. Глюкокортикостероидтарды қабылдаудың басымдалығы://

Остеопороз индукциясы//

Сүйек басы асептикалық некрозының жиілігінің жоғарылауы//

12 ай қабылдағаннан кейін ГКС эффективтілігі СЕҚҚП эффективтіліне теңеледі//

тез әсер етуі//

Инфекционды артритте нәтижелі

***

169. Науқас С., 40 жаста, көп жылдан бері ревматоидты артритпен ауырады. Бір ай бұрын қақырықпен жөтел пайда болды, саусақ буындарындағы ауру сезімі күшейді, күні бойы құрысады. Объективті: лимфаденопатия, ульнарлы девиация, ревматоидты түйіндер. Өкпеде қатқыл тыныс, шашыраңқы құрғақ сырылдар. Жүрек тондары әлсіреген, тахикардия. Гепатоспленомегалия. Қанда: Hв-96 г/л, эритроциттер - 3 млн, лейкоциттер - 2,3 мың, ЭТЖ - 56 мм/сағ. Рентгенограммада: өкпе суреті күшейген. Мүмкін болатын диагноз?//

Фелти синдромы//

Вегенер гранулематозы//

Ересектердегі Стилл синдромы//

Дәнекер тінінің аралас ауруы//

Шегрен ауруы

***

170. 170. Науқас Н., 60 жаста, зейнетке дейін бояушы болып жұмыс істеді. Ауруы 10 жыл бұрын басталды: қол саусақтарының алақан- фаланг буындарындағы, білезік буындарындағы ауру сезімі мен таңертеңгілік құрысу. Бұрын алкоголь шектен тыс қолданған, асқазанның жара ауруымен ауырады. Об-ті: «бутоньерка» түрінде саусақтардың деформациясы. Саусақ сырты бұлшықеттерінің гипотрофиясы, қозғалысы шектелген. Қанда: эр-4,5 млн. Нв-130 г/л, ЭТЖ-33 мм/сағ. Латекс тестте РФ 1:40. Диагноз: Ревматоидты артрит. Емдеу бағдарламасына төмендегілердің қайсысын қосқан тиімді? //

ГКС буын ішіне //

метотрексат//

пироксикам //

аркоксия //

индометацин

***

171. Науқас А., 30 жаста, саусақ буындарындағы ісіну мен ауру сезіміне шағымданады. Об-ті: екі жақ қолдың II-IV саусақтарының проксимальды фалангааралық буындарының симметриялы дефигурациясы. Қозғалыс, әсіресе, жазылу шектелген. Қанда: эр-4 млн., Нв-98 г/л, лейк-10 мың., ЭТЖ-41 мм/сағ, СРБ - оң. Жарты жыл бойы нимесил 200 мг/тәу, метотрексат 7,5 мг/аптасына қабылдаған. Әсері жоқ. Науқасты жүргізудің қандай тактикасы дұрыс?//

Метотрексат 10 мг/ аптасына + преднизолон 20 мг/тәу//

Индометацин + диклофенак//

преднизолон ішке+ преднизолон буын ішіне//

метотрексат+ остенил//

метотрексат+ плазмаферез

***

172. Науқас А., 30 жаста, саусақ буындарындағы ісіну мен ауру сезіміне шағымданады. Об-ті: екі жақ қолдың II-IV саусақтарының проксимальды фалангааралық буындарының симметриялы дефигурациясы. Қозғалыс, әсіресе, жазылу шектелген. Қанда: эр-4 млн., Нв-98 г/л, лейк-10 мың., ЭТЖ-41 мм/сағ, СРБ - оң. Серонегативті. Метотрексатпен базисті терапия және адекватты қабынуға қарсы терапия нәтижесіз. Науқасты жүргізудің қандай тактикасы дұрыс?//

Метотрексат+ ритуксимаб//

Индометацин + диклофенак//

преднизолон ішке+ преднизолон буын ішіне//

метотрексат+ остенил//

метотрексат+ плазмаферез

***

173. Ревматоидты артритпен ауыратын науқас базисті ем ретінде метотрексат қабылдайды. Физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігу, бас ауруы, әлсіздік мазалайды. Рентгенологиялық: өкпе түбірінің кеңеюі, өкпе суретінің күшеюі, өкпе құрылымының ұя тәрізді болуы. ФВД төмендеген. Науқасты жүргізудің қандай тактикасы дұрыс?//

кризанол//

лефлунамид (арава)//

азатиоприн//

диклофенак //

D-пеницилламин

***

174. Науқас Э., 32 жаста, ұзақ уақыттан бері ревматоидты артритпен ауырады. Базисті ем ретінде метотрексат 10 мг аптасына қабылдаған, емдеу фонында herpes zoster пайда болған. Науқасты жүргізудің қандай тактикасы дұрыс?//

метотрексатты тез арада тоқтату//

Метотрексатты біртіндеп тоқтату//

Метотрексат дозасын 5 мг/аптасына азайту//

Метотрексат дозасын 15 мг/аптасына көбейту//

40 мг/тәу преднизолон қосу

***

175. Глюкокортикостероидтерді буын ішіне енгізуге көрсеткіш://

белсенді артрит (РА, АС кезіндегі моноартрит, периартриттерде) //

«Құрғақ буын»//

Айқын деструкция, буын деформациясы//

Жамбас сан буынынң артриті//

ГКС буын ішіне енгізгенде нәтиже болмағанда

***

176. Ревматоидты артриттің кезөкелген белсенділігінде қандай базисті препарат қолданылады?//

Плаквенил//

Сульфаниламидтер//

Циклофосфан//

метотрексат//

Пеницилламин

***

177. Жас әйел ревматоидты артритпен ауырады. Үш жыл бойы метотрексат 10 мг/аптасына, фолий қышқылы 3 таблеткадан күніне метотрексат қабылдамаған күні қабылдайды. Қазіргі уақытта РА белсенділігі жоқ. Жүктілік болуы мүмкін бе?//

метотрексатты тоқтатқаннан 6 айдан кейін//

метотрексатты тоқтатқаннан 12 айдан кейін//

метотрексатты тоқтатқаннан 1 айдан кейін//

метотрексатты тоқтатқаннан 1 жылдан кейін//

болмайды

***

178. Науқас Г., 45 жаста, сол жақ аяғының үлкен бақайшығындағы ауру сезіміне, ісінуіне, дене қызуының 39°С жоғарылауына шағымданады. Аллопуринол 200 мг/тәу қабылдайды. Рентгенограммада«пробойник» симптомы. Қанда: лейкоциттер-10 мың, ЭТЖ- 45 мм/ сағ, мочевина - 15 ммоль/л. Зәрде: сал.тығ – 1014, эритроциттер – 5-7 к/а, ураттар +++. Подагралық артриттің өршуі тоқтағанша аллопуринолдың мөлшері қанша болуы керек?//

100 мг/тәу//

200 мг/тәу//

300 мг/тәу//

400 мг/тәу//

Аллопуринолды тоқтатамыз

***

179. Науқас Г., 45 жаста, сол жақ аяғының үлкен бақайшығындағы ауру сезіміне, ісінуіне, дене қызуының 39°С жоғарылауына шағымданады. Аллопуринол бұрын қабылдамаған. Рентгенограммада«пробойник» симптомы. Қанда: лейкоциттер-10 мың, ЭТЖ- 45 мм/ сағ, мочевина - 15 ммоль/л. Зәрде: сал.тығ – 1014, эритроциттер – 5-7 к/а, ураттар +++. Подагралық артриттің өршуі тоқтағанша аллопуринолдың мөлшері қанша болуы керек?//

100 мг/тәу//

200 мг/тәу//

300 мг/тәу//

400 мг/тәу//

өршуде аллопуринол тағайындалмайды

***

180. Науқас Г., 45 жаста, сол жақ аяғының үлкен бақайшығындағы ауру сезіміне, ісінуіне, дене қызуының 39°С жоғарылауына шағымданады. Рентгенограммада«пробойник» симптомы. Қанда: лейкоциттер-10 мың, ЭТЖ- 45 мм/ сағ, мочевина - 15 ммоль/л. Зәрде: сал.тығ – 1014, эритроциттер – 5-7 к/а, ураттар +++. Қандай препарат тағайындаған ең тиімді?//

СЕҚҚП толық терапевтикалық мөлшерде//

антибиотик//

цитостатик //

антикоагулянт//

хондропротектор

***

181. Науқас Н., 20 жаста, жарты жыл бұрын тізе және тобық буынында ісіну мен ауру сезімі мазалады. Бір ай бұрын кеуде клеткасында, омыртқаның бел бөлімінде, сол жақ жамбас сан буынында ауру сезімі пайда болды. Об-ті: омыртқа бойымен ауру сезімі. Сол жақ жамбас сан буыны мен омыртқада бүгілу ауру сезіміне байланысты қиын. Сол жақ төс-бұғана қосылысында деформация. Науқасқа таңдамалы препарат://

хинидин//

кризанол //

метотрексат//

сульфасалазин //

D-пеницилламин

***

182. Науқас Б., 35 жаста, омыртқаның бел-сегізкөз бөліміндегі, оң жақ тізе буынындағы, сол жақ қолдың екінші саусағындағы ауру сезіміне, терідегі бөртпелерге шағымданады. Об-ті: бастың шашты бөлімінде, шынтақ буыны аймағында гиперкератоз белгілерімен гиперемия ошақтары, сол жақ қолдың екінші саусағы қысқарған, гиперемияланған, сосиска тәрізді конфигурациялы. Псориаздық артрит терілік көріністерімен ауыратын науқасқа таңдамалы препарат болып табылады://

хинидин//

кризанол //

метотрексат//

сульфасалазин //

D-пеницилламин

***

183.. 43 жастағы әйел, клиникаға 39-40 градусқа дейін дене қызуының жоғарылауына, саусақтардың ұсақ буындарындағы және тізе буынындағы ісіну мен ауру сезіміне, бір сағаттан аса құрысуға, бұлшықеттердегі ауру сезімі, арықтау, әлсіздікке шағымданып түсті. Жедел түрде үш ай бұрын ауырған. Тексергенде оң жақ плевра қуысында сұйықтық жиналғаны, мойын, қолтық асты, шап лимфа түйіндерінің, көкбауырдың ұлғайғандығы, жоғарыда атлған буындардың артриті анықталды. Нв- 65 г/л, ЭТЖ – 55 мм/чсағ, лейкоциттер- 3200, тромбоциттер-150 мың, РФ++, ЛЕ-клеткалары табылды. Мүмкін болатын диагноз?//

Фелти синдромы//

РА буын- висцеральды түрі//

РА псевдосептикалық варианты //

Жүйелі қызыл жегі//

Лимфогранулематоз

***

184. 43 жастағы әйел, клиникаға 39-40 градусқа дейін дене қызуының жоғарылауына, саусақтардың ұсақ буындарындағы және тізе буынындағы ісіну мен ауру сезіміне, бір сағаттан аса құрысуға, бұлшықеттердегі ауру сезімі, арықтау, әлсіздікке шағымданып түсті. Жедел түрде үш ай бұрын ауырған. Тексергенде оң жақ плевра қуысында сұйықтық жиналғаны, мойын, қолтық асты, шап лимфа түйіндерінің, көкбауырдың ұлғайғандығы, жоғарыда атлған буындардың артриті анықталды. Нв- 65 г/л, ЭТЖ – 55 мм/чсағ, лейкоциттер- 3200, тромбоциттер-150 мың, РФ++, ЛЕ-клеткалары табылды. Бұл ауруға қандай лабораторлы көрсеткіштер тән?//

Қанда ревматоидты фактордың болуы//

Қанда ЛЕ-клеткалардың болуы//

Л ейкопения, тромбоцитопения, анемия//

Антинуклеарлы антиденелердің болуы//

ДНҚ-ға қарсы антиденелердің болуы

***

185. Жедел ревматикалық қызбаға ең тән белгі://

миокардтың диффузды гипокинезиясы//

қарыншааралық перденің гипертрофиясы//

митральды қақпақшаның алдыңғы жармасының пролапсы//

сол жақ қарыншаның шығу өзегінің динамикалық обтурациясы//

митральды қақпақшаның артқы жармасының шеткері қалыңдауы ме н гипокинезиясы

***

186. Жедел ревматикалық қызбаны бұрын басынан өткізгендерге рецидивтің алдын-алу үшін ретті түрде енгізу керек://

ампициллин//

цефтриаксон//

рокситромицин//

экстенциллин//

бензилпенициллин

***

187. Стрептококкты тонзилитты емдеуде қандай препарат таңдамалы болып табылады?//

амикацин//

пефлоксацин//

амоксициллин//

ко-тримоксазол//

сульфадиметоксин

***

188. ЖҚЖ кезінде метилпреднизолонмен пульс-терапия тағайындауға көрсеткіш://

полиартрит//

дискоидты бөртпе//

гепатоспленомегалия//

жекелеген зәр синдромы//

цитопения айқын тромбоцитопениямен

***

189. ЖҚЖ-мен ауыратын, циклофосфан қабылдайтын науқыста лейкоциттер деңгейі 2,9 мыңға дейін төмендеді. Ең тиімді тактика://

циклофосфанды тоқтату//

циклофосфанды азатиопринге ауыстыру//

циклофосфан мөлшерін азайтып, плазмаферез курсын бастау//

циклофосфанды тоқтатып, преднизолонды 1,5-2 мг/кг мөлшерінде тағайындау//

Циклофосфан мөлшерін өзгертпей, преднизолонды бірге тағайындау

***

190. Рецидивтелетін артериалды және венозды тромбоздармен, жүктіліктің ерте үзілуі, тромбоцитопениямен көрінетін симптомокомплекс ең тән://

дерматомиозитке//

системного васкулита//

антифосфолипидті синдромға//

қайталамалы полихондритке//

идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураға

***

191.45 жастағы науқаста соңғы 3 жылда аяқ көктамырларының тромбозы, өкпе артерияларының тромбоэмболиясы қайталанады. Науқастың әкесінде де қайталамалы тромбоздар болған. Тексергенде кардиолипинге антиденелер титрі екі рет жоғарылаған. Ең мүмкін болатын диагноз://

тромбофлебит//

Бюргер ауруы//

Кезеңдік ауру//

б іріншілікті антифосфолипидты синдром//

екіншілікті антифософлипидты синдром

***

192. 38 жастағы науқаста АҚҚ 200/120 мм сын бағ. дейін кезеңді түрде жоғарылайды. Анамнезінде: жүктілік кезінде ауыр нефропатия болып, уақытынан ерте босанумен, өлі туыр\лумен аяқталған. 30 жасында ишемиялық инсульт алған. Қарағанда: торлы ливедо, АҚҚ 180/110 мм сын бағ. Тексергенде: протеинурия 0,23 г/л аздаған зәр тұнбасымен, креатинин 1300 мг/л; антикардиолипинді антиденелер 34,1 МЕ (норма 23 МЕ-ке дейін). Қандай диагноз болуы мүмкін?//

түйінді полиартериит//

созылмалы гломерулонефрит//

криоглобулинемиялық васкулит//

біріншілікті антифосфолипидты синдром//



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-01-19; просмотров: 375; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.128.205.109 (0.228 с.)