Сурет. Дискілі диафрагмалы муфта 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сурет. Дискілі диафрагмалы муфта



 

Электрмагнитті муфталардың ілінісуі тұрақты токтың муфтаның қозу орамына қосу кезінде пайда болатын магниттік тартылу күшінің әсерінен іске асырылады. Бұрғылау қондырғыларында индукционды сырғанау муфталары қолданылады.

Сырғанау электрмагниттік муфтасы (СЭМ) центрлес орналасқан зәкірден 1 және индуктордан 2 тұрады, онда қозу орамы 3 орнатылған (12.21-сурет).

Тұрақты токты қозу орамына қосқанда магниттік ағын пайда болады, ол зәкірде айналмалы электрқозғалтқыш күшті бағыттайды, нәтижесінде зәкір тогы пайда болады. Зәкір тогының индуктор полюстерінің магниттік ағынмен әсерлесуі электрмагниттік моменттің пайда болуына әкеледі, оның әсерінен жетектегі білік 4 жетекші білік 5 бағытында айнала бастайды. СЭМ-нің айналу моментінің көлемі зәкірдің индукторға қатысты айналу жиілігіне және қозу тогының күшіне байланысты.

Электрмагниттік ұнтақтық муфтада (ЭҰМ) жетекші мен жетектегі жартымуфталар арасындағы саңылау техникалық таза темір ұнтақпен толтырылады. Осының нәтижесінде саңылаудың магниттік өтімділігі мен муфтамен берілетін айналу моменті артады.

 

Сурет. Электрмагниттік муфта

Электрмагниттік муфталардың техникалық сипаттамалары

Муфта түрі........................................................ЭМС-750 МЭП-800

Ілінісу моменті, кН*м:

номиналды.................................................7,5 8

пусковой.....................................................16 10

остаточный..................................................- 0,03

Номиналды айналу жиілігі, айн/мин...............750 750

Қозу кернеуі, В..................................................72 130

Қозу қуаты, кВт................................................5,5 0,2

Қозу орамының кедергісі, Ом.........................0,94 54

Қозудың номиналды тогы, А...........................76 1,75

Инерция моменті, кг*м2..................................7,75 2

Масса, кг...........................................................3400 1760

Өлшемдері, мм:

ұзындығы................................................1380 1100

ені.............................................................1260 1000

биіктігі.....................................................1120 1000

13-ТАРАУ ЛАҚТЫРУҒА ҚАРСЫ ЖАБДЫҚТАР

 

Лақтыруға қарсы жабдықтар (ЛҚЖ) ұңғы сағасын сұйықтық пен газды-сұйық қоспасының ашық лақтырулары және бұрғылау, сынау, тексеру және пайдалану барысында фонтандау болмауы үшін саңылаусыздандыруға арналған.

Бұл жағдайлардың негізгі себебі - ұңғыдағы сұйықтықпен берілетін қысымнан қабат қысымының жоғары болуы:

 

рқаб >rgh (13.1)

 

Қабат қысымы 10 м тереңдікке түскен сайын 0,1 МПа интенсивтілігімен өседі. Алайда, аномальды төмен қысым (АНПД) және аномальды жоғары қысымды (АВПД) қабаттар кездеседі. Фонтандау мен лақтырудың интенсивтілігі қысым айырмашылығының өсуімен жоғарылайды:

 

Δр = рқаб – rgh (13.2)

 

ЛҚЖ абслоютті сенімділік пен дайындықтың жоғары дәрежесіне сай болуы керек. Тек сол кезде ғана ұңғыны бұрғылау тізбегі болғанда немесе болмағанда өз уақытында жабуға болады. Сонымен қатар келесі технологиялық операциялардың орындалу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс:

- бұрғылау құбырларын құлыптармен, ал шегендеу құбырларын муфтамен қозғау, тарту, бұру;

- қабатқа қарсы қысым беретін жуу сұйықтығының жабық циркуляциясы;

- қабатқа ерітіндіні бұрғылау немесе цементтеу сорапатарымен айдау.

ЛҚЖ құрамына превенторлар, сағалық крестовина, превенторүстілік катушка және превенторлы жабдықтың оқпанды бөлігін құрайтын ажырамалы науа, ЛҚЖ оқпанды бөлігін жабдықтайтын манифольдтер, превенторлар мен манифольдтерді басқаратын станция кіреді.

ЛҚЖ ұңғы сағасы мен бұрғылау едені арасында орналасады. Қауіпсіздік ережелері бойынша ЛҚЖ-ны барлау алаңдарын, газоконденсатты, газды және АВПД кен орындарын бұрғылағанда міндетті түрде орнату керек. Ұңғы сағасын кондуктор мен аралық тізбекті түсіргеннен кейін ЛҚЖ-мен жабдықтайды. ЛҚЖ міндетті түрде беріктікке және саңылаусыздыққа сыналады.

Беріктікке сынау кезінде сығымдау қысымы (р) рұқсат етілген жұмыс қысымына (рр) байланысты анықталады:

- р = 2 рр – өту диаметрі 350 мм және жұмыс қысымы 70 МПа жоғары емес превенторлар үшін;

- р = 1,5 рр - өту диаметрі 350 мм-ден жоғары және жұмыс қысымы 70 МПа жоғары превенторлар үшін;

р = рр кезінде ЛҚЖ саңылаусыздыққа сыналады.

Сенімділікті арттыру үшін ЛҚЖ негізгі элементтердің істен шығуы кезінде олардың функцияларын орындау үшін резервті элементтермен жинақталады. Осылайша ЛҚЖ массасы, өлшемдері және бағасы артады, бірақ сенімділік бірнеше есе өседі. ЛҚЖ басқару пульті ұңғы сағасынан 10 м-ден кем емес арақашықтықта орналасады. Превенторлар мен ысырмаларда олардың жағдайын (ашылуын, жабылуын) арақашықтықтан жақсы бақылайтын құрылғылар болуы керек.

Превенторлар

Ұңғы сағасын саңылаусыздандыру үшін плашкалы, әмбебап және айналмалы превенторларды қолданады.

Плашкалы превенторлар (13.1-сурет) мұнай-газ атқылауынан сақтандыру мақсатында ұңғы сағасын саңылаусыздандыру үшін қолданылады. Превентор тұрқы 2 шпилькаларға арналған тесіктері бар цилиндрлік фланеці және вертикал өту тесігі бар болат құйма түрінде болады. Шпилькалармен бекітілу – превентордың биіктігін азайтуға мүмкіндік береді, алайда, ЛҚЖ монтаждау кезінде шпилька осі мен фланецтердің тесігінің сәйкесітігін қамтамасыз ететін дәлдікті талап етеді. Тұрқыда плашкаларды 18 орналастыруға арналған көлденең өтпелі қуыс бар. Сыртынан бұл қуыс жақтаулық 1 және 6 қақпақтарымен жабылады. Олар тұрқыға бұрандалармен 5 бекітіледі. Қақпақ пен тұрқы резеңкелі төсемелермен 4 тығыздалады. Плашкалардың превентор тұрқысына жабысып қалмауы үшін қысқы уақытта бу жіберетін түтікшелер 15 орналастырылған. Қақпақтың жақтаулық бетінде шпилькалар арқылы гидроцилиндрлер 7 орнатылады.

 

Сурет. Плашкалы превентор

Поршендердің 8 штоктары Г-тәрізді шығыңқылықпен жабдықталған. Коллектордан 3 түтікшелер 19 арқылы гидроцилиндрдің сыртқы аумағына айдалатын сұйықтық қысымынан поршеньдер қарама-қарсы бағытта қозғалып, плашкалар превентордың кіру тесігін жабады. Сұйықтықты цилиндрлердің ішкі аумағына айдаған кезде плашкалар қозғалып, превентордың кіру тесігін ашады. Поршень және штоктар сонымен қатар гидроцилиндрдің жылжымайтын қосылыстары 7 резеңке сақиналармен 9, 13, 14 тығыздалынады.

Превентордың гидравликалық басқарылуы гидравликалық жүйенің істен шығуы кезінде және превенторды ұзақ уақытқа жабу кезінде бір әсерлі қол механизмімен алмастырылады. Қол механизмі шлицті білікшеден 10 және поршеньмен шлицті жалғанған аралық бұрандамалы төлкеден 12 тұрады. Білікше 10 карданның вилкасы 11 және тартпа арқылы ұңғы сағасынан қауіпсіз аймаққа шығарылған штурвалға жалғанады. Білікшенің сағат тілі бойынша айналуы кезінде бұрандалы төлке 12 тік сызықты қозғалыс жасайды және поршеньді превенторлардың плашкалары тірелгенше жылжытады. Превентордың есептік жабылу уақыты гидравликалық жүйені қолданғанда 10 секунд, ал қолмен басқарылғанда 70 секундты құрайды. Бұрандалы төлкелерді бастапқы қалыпқа келтіргеннен кейін превенторды басқарудың гидравликалық жүйесі арқылы ашуға болады.

Плашкалы превенторларда бұрғылау және шегендеу құбырлары бар ұңғы сағасын саңылаусыздандыру үшін құбырлық плашкалар және ұңғыда құбырлар болмағанда тұйық плашкалар қолданады. Қажет болған жағдайда құбырларды кесетін арнайы плашкалары болады.

Превентор плашкалары тұрқымен бұрандалармен және винттермен қосылған вкладыштан 17 және резеңке тығыздауыштан 16 тұрады. Беріктендірілген металл пластиналар тығыздауышқа керек беріктікті береді.

Тығыздауыштың жұмыс мерзімі превенторды жабу циклының санымен және құбырлардың жалпы ұзыңдығымен өлшенеді. Нормаға сәйкес тығыздауыштың істен шығуына дейін орташа жұмыс мерзімі қысымсыз превентордың 300-ден аз емес жабылуына тең болуы тиіс және жабық превентор арқылы 300 м-ден артық құбырлардың өту мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.

Плашкалы превенторлардың негізгі параметрлері 13.1-кестеде келтірілген.

Структуралық-барлама бұрғылауда электрлі жетекті ППБ-307х320 плашкалы превенторлар қолданылады.

Егер плашка деңгейінде бағыттаушы құбыр, бұрғылау құлпы, муфта және диаметрлері мен геометриялық формалары орнатылған плашкаларға сәйкес келмейтін құбырлар тізбегінің басқа да бөлшектері орналасқанда плашкалы превенторлар саңылаусыздықты қамтамасыз ете алмайды. Жабық превентор жағдайында тізбектің баяу қозғалуына жол беріледі, ал бұрғылау тізбегінің айналуы, көтеріліп және түсірілуі мүмкін емес.

 

13.1-кесте, Гидравликалық және қолмен басқарылатын плашкалы превенторлардың негізгі параметрлері

Типтік өлшем Өту тесігінің диаметрі, мм Жұмыстық қысым, рр, МПа Тығыздалатын құбырлардың диаметрлері, мм Биіктік, мм, артық емес Масса, кг
ППГ-180х210     33-114    
ППГ-180х350     33-127    
ППГ-180х700     33-127    
ППГ-230х350     33-168    
ППГ-230х700     33-168    
ППГ-280х210     33-168    
ППГ-280х350     48-219    
ППГ-280х700     48-219    
ППГ-350х210     114-219    
ППГ-350х350     60-273    
ППГ-350х700     60-273    
ППГ-425х140     60-340    
ППГ-425х210     60-340    
ППГ-520х140     60-425    
ППГ-520х210     60-425    

 

Әмбебап превенторлар (13.2-сурет) кең мүмкіндіктерге ие. Әмбебап превенторлар бұрғыланатын мұнай және газ ұңғылар сағасын саңылаусыздандыру, бұрғылау тізбегін бұру және құбырларды муфталарымен қоса тарту үшін қолданылады.

 

13.2-сурет. Әмбебап превентор

Әмбебап превенторлар тығыздалатын заттың диаметрі мен геометриялық формасына тәуелсіз ұңғы сағасын саңылаусыздандыра алады.

Аталмыш превентор тұрқы 17 тіреу фланеці және превенторды бекітуге арналған шпилькалары 19, монтаждау-демонтаждау жұмыстары және тасымалдау кезінде ілуге арналған құлақшалары 10 бар сатылы цилиндрлі формалы болат құйма болып келеді.

Превентор тұрқысында тұтас сатылы поршень 9, резеңкелі-металды тығыздағыш манжет 5 және сақтандырғыш төлке 14 орналасқан. Қиылған конус тәріздес формасы бар тығыздағыш манжет поршеннің конусты тесігімен байланысып қақпаққа 2 тіреледі.

Қақпақ манжетпен 4 тығыздалады және тартылған күйінде тоқтатқыш бұрандамен 3 орнықтырылады. Қақпақтың тіректік фланецтеріндегі бұрандалық тесіктер ЛҚЖ-ң фланецті катушкасын бекітуге қолданылатын шпилькаларға 1 арналған. Қақпақ пен тұрқының тіректік фланецтеріндегі сақиналық арналар металл тығыздауыш сақиналарға 18 арналған.

Тұрқы, қақпақ және поршень арасында А және Б қуысы пайда болады, олар ЛҚЖ-ң гидавликалық басқару жүйесімен штуцерлер 8, 13 мен құбыржол арқылы байланысады. Майды гидробасқару жүйесінен Б қуысына айдағанда поршень жоғары көтеріліп және ішкі конусымен тығыздауыш манжетаны радиал бағытта қысады. Деформация нәтижесінде манжетаның өту тесігі толық жабылады.

Майдың ағып кетуін болдырмау үшін өздігінен тығыздалатын манжеталар 6, 7, 11, 12, 15, 16 және тығыздауыш сақиналар 18 қолданылады. Тығыздауыш манжета жабық күйінде күшпен ұсталынып тұрады. Превентор майдың А қуысына айдау және бір уақытта Б қуысынан төгілу кезінде ашылады. Май қысымының әсерінен А қуысында поршень төмен қозғалады және өзінің серпімділігі арқасында босаңситын (разжим) манжетаны босатады. Әмбебап превентордың есептелген жабылу уақыты 30с-тан аспауы керек.

 

13.2-кесте, Әмбебап превенторлардың негізгі параметрлері

Типтік өлшем Өту тесігінің диаметрі, мм Жұмыстық қысым, МПа Тығыздалатын құбырлардың диаметрі, мм Биіктік, мм, артық емес Масса, кг
ПУ1-180х210         1 300
ПУ1-180х350         2 000
ПУ1-180х700         6 000
ПУ1-230х350         3 300
ПУ1-230х700         9 500
ПУ1-280х210         2 700
ПУ1-280х350         4 000
ПУ1-280х 700         13 000
ПУ1-350х210         4 400
ПУ1-350х350         8 000
ПУ1-350х700         18 000
ПУ1-425х140         6 200
ПУ1-425х210         8 200
ПУ1-520х210         15 000

Ескерту: Шифрдағы 1 саны модель номерін білдіреді. ПУ1 шифрының орнына кейбір техникалық документтерде ПУГ (гидравликалық басқарылатын әмбебап превентор) шифры көрсетіледі.

 

Айналмалы превенторлар ұңғы сағасы мен бұрғылау тізбегі арасындағы сақиналық саңылауды герметизациялауға және саға саңылаусыздандырылған кезде бұрғылау тізбегін көтеріп-түсіру, айналдыру мүмкіндігімен қамтамасыз етуге арналған. ЛҚЖ құрамында айналмалы превентор роторлық бұрғылауда, ұңғыны кері жууда қолданылады.

Айналмалы превенторлар (13.3-сурет) тұрқыдан 7, жылжымайтын патроннан 4 және айналмалы оқпаннан 6 тұрады. Плашкалы және әмбебап превенторларға қарағанда айналмалы превенторлардың айналатын оқпанға киіліп, өзінің серпімділігімен және сағадағы қысыммен бұрғылау тізбегін қысатын манжеті 9 болады. Легирленген болаттан жасалған құйылған тұрқы 7 плашкалы және әмбебап превенторлармен қосуға арналған тіректік фланецпен және бұрғылау қондырғысының циркуляциялық жүйесімен қосуға арналған бүйірлік құбырмен жабдықталған.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-02-08; просмотров: 660; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 44.201.24.171 (0.04 с.)